08.04.2008, 14:37 3313

Мұнайдың кедендік экспорттық ставкасының енгізілуі Қазақстанның инвестициялық жағдайына кері әсерін тигізбеуі керек - ҚР қаржы министрлігі

Мұнайдың кедендік экспорттық ставкасының енгізілуі Қазақстанның инвестициялық жағдайына кері әсерін тигізбеуі керек - ҚР қаржы министрлігі

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың кедендік экспорттық ставкасының енгізілуі Қазақстанның инвестициялық жағдайына кері әсерін тигізбеуі керек, деп есептейді ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев.

"Біздің еліміздегі салықтарды және мұнайды өндіретін мемлекеттердегі салық төлемдерін ескере отырып және экспорттық баж салығы мен пайдалы қазбаларға енгізілген төлемдер елдегі инвестициялық хал ахуалды төмендетіп, тіптіп инвестицияның кері қайтарылатынына меніңше негіз жоқ", - деді ол Астанада өткен үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Инвестициялар кері қайтарылса, онда олар басқа елдерге ағылатыны белгілі бірақ, басқа мемлекеттерде мұнай компанияларына салынатын салық төлемдері әлде қайда жоғары ", -деп түсіндірді ол.

Б. Жәмішев атап өткеніндей, " бұл шаралар дайындалып жатқан жаңа салық кодексі аясында асырылатын міндеттерді толық іс жүзінде орындамайды, өйткені олар сыртқы экономикалық қызметіндегі кедендік төлемдер бойынша тұрақтылығы бар компанияларға қатысы жоқ".

"Салық көлемінің салмағы бәріне тең берілу мәселесі бар болғандықтан ол жаңа салық кодексі аясында шешілетін болады ", - деп атап өтті министр.

Оның пікірі бойынша, кедендік баж салығы экспорт көлемінің азаюына соқтырмайды. "Экспорттың баж салығы бұл салық құралы мен қатар сауда саясатының құралы болып табылады. Бұл өнімдерді ішкі нарықта сатуға ынталандырады, алайда ішкі нарық жұмыс істеп жатқан зауыт қуаттылықтарымен шектелуде. Бүгінде бұл зауыттардың жұмысының қарқынды жүріп отыруы арнайы әкімшіліктік шарасыз -ақ қамтамасыз етіледі ", - деп есептейді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны