29.04.2008, 17:45 4099

Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы әлі де өсетіні байқалуда

Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы әлі де өсетіні байқалуда

Мәскеу. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Дүйсенбі күнгі сауда нәтижелері бойынша мұнайдың негізгі сорттарының котировакасы әлі де өсетінін көрсетіп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ОМТ-Консалт" компаниялар тобына сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, Лондонның InterContinental Exchangе биржасындағы Brent маркалы Солтүстік теңіздің мұнайының маусым айындағы мұнай келісімшарты $0,40 қымбаттап, барреліне $116,74 құраған. Маусым айында жеткізілуі тиісті Техасстың жеңіл WTI мұнайына фьючерстік келісімшарт Нью-Йорктың NYMEX тауар биржасында $0,23 қымбаттап, барреліне $118,75 болған.

"Бағаны өсіріп отырған шикізат алынатын өңірлердегі жағдайдың шиеленісуі. Осылайша, дүйсенбі күні баға мұнай алатын өңірлердегі проблемалар туралы хабарларға байланысты қымбаттады", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Атап айтар болсақ, British Petroleum компаниясы Ineos Group Holdings компаниясының мұнай өңдеу зауытындағы ереуілдерге байланысты Солтүстік теңіздегі мұнай кен орындарынан тасымалданатын мұнайдың 40 пайызын жеткізетін Forties құбыр желісін жабуына тура келген.

Сонымен бірге, Нигерияда құқық қорғау күштері мен Нигер өзенінің сағасын азат ету қозғалысының көтерілісшілері арасында жаңа қарулы қақтығыстар шыққан. Онымен бір мезгілде Exxon Mobil компаниясының Нигериядағы кәсіпорындарындағы ереуіл жалғасу үстінде. Осының салдарынан Нигериядан 900 мың баррель шамасындағы мұнайдың тасымалдануымен байланысты проблемалар туындауы ғажап емес.

Сондай-ақ, мұнай бағаламасының құнына АҚШ доллары бағамының төмендеуі әсер еткен. "Америка валютасының құнының төмендеуі АҚШ Ашық нарығындағы операциялар жөніндегі комитет отырысы күтіліп отырғанда іске асты. Ол отырыста федералдық қорлар бойынша пайыздық мөлшерлеме көлемі бойынша шешім қабылданады", - деп атап көрсетті "ОМТ-Консалт" компаниялар тобы.

"Осылайша, барлық жоғарыда аталған факторлар жинақтала келе мұнай бағасының өсуі жалғасуы мүмкін. Өйткені, әлсіз доллар мен әлемдік саяси тұрақсыздық мұнай бағасының жоғары деңгейде қалуына ықпал ете береді", - деп көрсетілген сараптамалық шолуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны