20.05.2008, 10:08 1009

Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы біршама көтерілді

Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы біршама көтерілді

Мәскеу. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы біршама көтерілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ОМТ-Консалт" компаниялар тобының күнделікті шолуына сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Солтүстік теңіздің Brent мұнайына жасалған шілде келісімі Лондонның InterContinental Exchangе биржасында 2,33 долларға қымбаттап, барреліне $124,99 жеткен. Техасстың жеңіл WTI мұнайына маусым айында жеткізілетін фьючерстік келісімшарт Нью-Йорктың NYMEX тауар биржасында 2,17 долларға өсіп, барреліне $126,29 дейін шарықтаған.

"Нью-Йорктың тауар биржасындағы сәрсенбі күні өткен сауда сессиясының нәтижесі бойынша мұнай бағасы Американың Goldman Sachs Group Inc. инвестициялық банкісі жасаған жыл соңына дейінгі баға болжамы және Қытай тарапынан дизельдік отынға деген сұраныстың өсуі, сондай-ақ, Сауд Аравиясында мұнай алу көлемінің өсу ықтималдығы жайындағы алып қашпа сөз жағдайында қымбаттады", - деп көрсетілген шолуда.

Ақпарат көзінің хабарламасына қарағанда Сауд Аравиясы маусым айында мұнай алу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл шешім мұнай бағасының қымбаттауынан, сондай-ақ, сұраныстың өсуімен байланысты туындаған кейбір қызуды салқындату жайлы АҚШ президентінің өтінішімен байланысты қабылданған. Мемлекет мұнай алу көлемін күніне 300 мың баррельге, күніне 9,45 млн баррельге дейін ұлғайтады, деп көрсетілген хабарламада.

Шолуда атап көретілгендей, Американың инвестициялық банкінің WTI маркілі мұнайға деген 2008 жылдың екінші жартысына жасаған ағымдық болжамы 141 долларды құрайды. Ал оның алдындағы болжамға сәйкес ол көрсеткіш 107 долларға тең болған. Бұл жоғарылау инвестициялық банк мамандары мұнай жеткізу көлемінің азаюымен байланыстырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны