10.06.2008, 15:47 2798

Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы дүйсенбі күнгі сауда нәтижесі бойынша айтарлықтай арзандады

Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы дүйсенбі күнгі сауда нәтижесі бойынша айтарлықтай арзандады

Мәскеу. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы дүйсенбі күнгі сауда нәтижесі бойынша айтарлықтай арзандады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ОМТ-Консалт" компаниялар тобының мұнай нарығына жасаған шолуларына сілтеме жасай отырып.

Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнайына шілде айындағы келісім Лондонның InterContinental Exchangе биржасында 3,78 АҚШ долларына арзандап, бір баррелі 133,91 долларды құрады. Ал Нью-Йорктың NYMEX тауар биржасында Техастың WTI жеңіл мұнайының шілде айында жеткізілетін фьючерстік келісім-шартының құны $4,19 төмендеп, барреліне $134,35 болды.

Lehman Brothers инвестициялық банкінің мамандарының болжамдарына сүйенсек, 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың басында мұнай бағасы күрт төмендеуі мүмкін. Талдаушылар бұл жағдайды мұнай бағасының өте қымбат болуы себепті Азия елдеріндегі жанармайға деген сұраныстың азаюымен түсіндіреді. Осылайша, егер биылғы жылдың соңына қарай статистикалық мәліметтер Lehman талдаушыларының қаупін растайтын болса, мұнай бағасы күрт құлдырайды, деп есептейді аналитиктер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны