02.07.2008, 19:48 2871

Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы сейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша сәл-пәл қымбаттады

Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы сейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша сәл-пәл қымбаттады

Мәскеу. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы сейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша сәл-пәл қымбаттады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ОМТ-Консалт" компаниялар тобының мұнай нарығына жасаған шолуларына сілтеме жасай отырып.

Топ мәліметтеріне сүйенсек, Солтүстік теңіздің Brent мұнайына жасалған тамыз айындағы келісімшарт Лондонның InterContinental Exchangе биржасында $0,84 қымбаттап, 1 баррелі $140,67 тең болды. Сол секілді Техасстың WTI маркалы жеңіл мұнайына жасалған фьючерстік келісімшарт Нью-Йорктың NYMEX тауар биржасында $0,97 көтеріліп, 1 барреліне $140,97 болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны