17.06.2008, 19:06 2963

Мұнайдың негізгі түрлерінің бағалары арзандауды жалғастыруда

Мұнайдың негізгі түрлерінің бағалары арзандауды жалғастыруда

Мәскеу. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі түрлерінің бағалары арзандауды жалғастыруда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ОМТ-Консалт" компаниялар тобының мұнай нарығына жасаған шолуына сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, дүйсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнайына жасалған тамыз айындағы келісімшарт Лондонның Inter Continental Exchangе биржасында барреліне $134,71 дейін төмендеген. WTI маркалы Техастың жеңіл мұнайына жасалған шілде айындағы фьючерстік келісімшарт Нью-Йорктың NYMEX тауар биржасында барреліне $134,61 дейін арзандаған.

Компаниялар тобының мәліметтеріне сүйенсек, Нью-Йорк тауар биржасындағы сауда сессиясының барысында мұнай бағасы өсіп келе жатқан. Алайда, сауда аяқталар тұста Сауд Аравиясы басшылығының елдегі мұнай өндіру көлемін арттыру мүмкіндігі жөнінде жасаған мәлімдемесіне байланысты мұнай бағасы біршама арзандаған.

Сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, осы айда Сауд Аравиясы мұнай өндіру көлемін 2 пайызға - тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Естеріңізге сал кетсек, өткен айда бұл мемлекет көмірсутегілердің жоғарғы бағасына алаңдаушылық білдірген әлемдік тұтынушылардың өтініші бойынша өндіру көлемін тәулігіне 300 мың баррельге арттырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны