30.04.2008, 17:17 6519

Мұнайдың негізгі түрлерінің құны сейсенбіде айтарлықтай төмендеді

Мұнайдың негізгі түрлерінің құны сейсенбіде айтарлықтай төмендеді

Мәскеу. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі түрлерінің құны сейсенбідегі сауда -саттық қорытындылары бойынша күрт төмендеді, деп хабарлайды агенттік "ОМТ-Консалт"тобы компаниясының таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Лондонның InterContinental Exchange биржасында маусым айындағы келісім шартындағы солтүстік теңіз мұнайының бір баррель $3,31 арзандап $113,43 құрады. Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында келісім шарт бойынша маусым айында жеткізілетін техастың WTI жеңіл мұнайының баррель бағасы $3,12 төмендеп $115,63 құрады.

NYMEX сауда сессиясының қорытындылары бойынша мұнай құны АҚШ долларының көтерілуіне қарамастан төмендеді және Солтүстік теңіздегі Forties мұнай құбырының жұмысы қалпына келтірілді деген хабар келіп түсті.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Солтүстік теңіздегі жер қойнауынан мұнайдың 40% жеткізетін Forties мұнай құбыры іске қайта қосылды."Бұдан бұрын хабарланғанындай, 27 сәуірде Ineos Group Holdings компаниясының мұнай өңдеу зауытында жұмысшылардың ереуіліне байланысты жұмыс тоқтатылды. Бұл наразылық акциясы құбыр жүйесіне жеткізілетін электр қуаты көлемі азайып, оның қысқартуына әкелді. Мұндай жағдайлар әлемдік нарыққа мұнайды уақтылы жеткізбеу қаупін тудырды ", - деп түсіндірілді апталық шолуда.

Сонымен қатар, сарапшылар айтқанындай, мұнай бағаларына сейсенбіде негізгі валюталарға қарағанда нығайған АҚШ бағамы жағынан қысымшылық жасалды. Хабарламада айтылғанындай, Американдық доллар екі айда иенге қарағанда жоғары көтеріліп, евромен салыстырғанда тұрақтылықты байқатты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны