07.05.2008, 17:38 3715

Мұнайдың негізгі түрлерінің құны сейсенбідегі сауда-саттық қорытындылары бойынша одан әрі жоғарлады

Мұнайдың негізгі түрлерінің құны сейсенбідегі сауда-саттық қорытындылары бойынша одан әрі жоғарлады

Мәскеу. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі түрлерінің құны сейсенбідегі сауда -саттық қорытындылары бойынша одан әрі жоғарлады, деп хабарлайды агенттік "ОМТ-Консалт"тобы компаниясының таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Лондонның InterContinental Exchange биржасында маусым айындағы келісім шартындағы солтүстік теңіз мұнайының бір баррель $2,32 жоғарлап $120,31 құрады. Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында келісім шарт бойынша маусым айында жеткізілетін техастың WTI жеңіл мұнайының баррель бағасы $1,87 көтеріліп $121,84 құрады.

"Нью-Иорктың тауар биржасының тұрақты сауда -саттық сессиясының қорытындылары бойынша сейсенбіде қара алтын бағасы $120 жоғары деңгейде жабылды. Сол кезде шикі мұнайдың әлемдік нарыққа тасымалының төмендеу үрдісі байқалып, АҚШ доллары бағамы әлсіреген болатын", - деп хабарланған хаттамада.

Ақпарат көздерінің деректері бойынша, өткен жексенбі күндерінде Нигер өзенінің айрығын босату қозғалысы көтерілісшілердің Royal Dutch Shell PLC компаниясының мұнай инфрақұрылымдарына жасаған шабуылдары бұл күндері де жалғасуда. Сонымен қатар бұл аймақтағы шиеленісулер болашақта да сақталуы мүмкін. Нигер өзенінің айрығын босату қозғалысының көтерілісшілері өздерінің шабуылдарын бүкіл ел бойынша күшейткен. Сонымен қатар олар мұнай құрылым нысандарына айына бірнеше рет шабуыл жасайды. Компания осыған орай Нигериядағы мұнай шығару көлемін шамамен күніне 164 баррельге азайтты ", -деп түсіндірді "ОМТ-Консалт" сарапшылары.

Сонымен бүгінгі күні Нигерияда шығарылып жатқан мұнай көлемі күніне 1,88 млн баррелді құрайды, бұл 1999 жылдың тамыз айындағы көрсеткішке тең.

Шолуда айтылғанындай, мұнай нарығына дамушы елдер тарапынан өсіп отырған сұраныс та әсер етуде. Пекиндегі Олимпиадалық ойындар алдында қытай өзінің мұнай өңдеу қуаттылығын ұлғайтуда. Соның ішінде PetroChina және Sinopec компаниялары 2020 жылға дейін өздерінің өңдеу қуаттылығын күніне 6 млн баррельге дейін ұлғайтпақшы.

Сонымен қатар, Ресейде мұнай шығару көлемі төмендеп сұраныс көлемі өсуде. Халықаралық энергетикалық агенттігінің болжамдары бойынша, әлем бойынша 2008 жылы мұнайға деген сұраныс 1,5% немесе күніне 87,23 млн баррелге дейін өсуі мүмкін. Осыған байланысты АҚШ- ғы сұраныстың төмендеуі әлемдегі шикі затқа деген сұранысқа қатты әсер етпейді. Соған қарамастан АҚШ- та демалыс кезеңі басталып, әдеттегідей отынға деген сұраныс 10 пайызға көтеріледі, деп атап өтті мұнай нарығының шолушылары.

"Мұнай нарығына әсер еткен тағыда бір жәйт, АҚШ доллары бағамының төмендеуі. Американдық доллардың құнын бағалауға мүмкіндік беретін Dollar Index индексі сейсенбіде негізгі алты валютамен салыстырғанда 0,3 % төмендеп 72,96 құрады", деп хабарланған хаттамада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны