28.04.2008, 17:22 3105

Мұнайдың негізгі түрлерінің құны жұма күнгі сауда саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай көтерілді

Мұнайдың негізгі түрлерінің құны жұма күнгі сауда саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай көтерілді

Мәскеу. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі түрлерінің құны жұма күні өткен сауда саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды агенттік "ОМТ-Консалт"тобы компаниясының таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Лондонның InterContinental Exchange биржасында маусым айындағы келісім шартындағы солтүстік теңіз мұнайының бір баррель $2 жоғарлап $116,34 құрады. Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында келісім шарт бойынша маусым айында жеткізілетін техастың WTI жеңіл мұнайының баррель бағасы $2,46 көтеріліп $118,52 құрады.

Сарапшылардың пікірі бойынша мұнай құнының өсуіне Парсы шығанағында орын алған оқиға негіз болған. Ақпарат көздері хабарлағанындай, АҚШ ИТК пайдалануға алған американдық кемесі Иранның екі катеріне ескерту ретінде екі рет оқ атқан. Соған қарамастан, жұма күнгі сауда саттығында мұнай құнының көтерілуі алып сатарлардың айла амалдары болуы мүмкін, өйткені нарыққа қатысушылардың мұндай әрекеті негізсіз және оқиғаның соңы оңтайлы шешілді ", - деп айтылған хаттамада.

Сонымен қатар ақпарат көздері хабарлағанындай жұма күнгі қара алтын бағасының көтерілуіне Ұлыбританияның British Petroleum (BP) мұнай компаниясының Шотландиядағы мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының екі күндік наразылық ереуілдеріне орай Солтүстік теңізіндегі мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалының тоқтатылатыны және 26 сәуірден бастап Forties құбыр өткізу жүйесінің жабылуы жөнінде жариялаған хабары түрткі болған. Мұнай құбыры күніне 700 мың баррель қара алтын тасымалдай алатын мүмкіндігі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны