Система Orphus

Н.Назарбаев энергетикалық тиімділіктің тәжірибесін Оңтүстік Кореядан үйренуге шақырды

02.07.2014, 20:28 1268

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҮИИД МБ-2 іске асыруға арналған отырыста энергетикалық тиімділіктің тәжірибесін Оңтүстік Кореядан үйренуге шақырды.

"Энергосервистік келісім тетіктерін енгізу заңын дайындауды қолдаймын. Қазақстан үшін энергетикалық тиімділік пен оны үнемдеу өте маңызды", - дейді Елбасы.

Оның айтуынша, электр қуаты алдағы уақытта өсе түспек, оған көгілдір отын құны да қосылады. Елбасы өзінің Оңтүстік Корея сапарын мысалға келтіре отырып тасымалдау кезіндегі бұл елдегі электр қуатының шығынын азайтатын технологияның бар екенін айтты.

"Мен тапсырма бергем, алайда біз әлі қолға алмадық, шығарылатын қуаттың 20 пайызға жуығын жоғалтып жатырмыз. Ал Кореяда бұл көрсеткіш бар болғаны 7-8 пайыз. Электр станцияларын салудың қажеті жоқ. Жаңғырту жұмыстарын қолға алып, кәсіпкерліктерді жаңаша жұмыс істету керек", - деді Н.Назарбаев.

"Үнемдеу мен энергетикалық тиімділіктің болашағы зор. Осы кезде "Жасыл экономика" да орнына келеді. Осыларды атқармасақ, біз алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына ене алмаймыз", - дейді Мемлекет басшысы.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны