12.06.2014, 21:53 3151

Н.Назарбаев инвесторларды қазақстандық 700 компанияны жекешелендіруге қатысуға шақырды

Бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды қазақстандық компанияларды жекешелендіруге қатысуға шақырды.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды қазақстандық компанияларды жекешелендіруге қатысуға шақырды.

"Шетел инвесторларын жоспарланып отырған еліміздің кемінде 700 компаниясын жекешелендіруге белсенді қатысуға шақырамын. Сондай-ақ, инвесторларды Қазақстанда сіздерге қажет өнім мен қызметтерді сатып алудың тетіктерін қайта қарастыру керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Үкіметке колледждер, жоғары оқу орындарын басқаруға шетел инвесторларын тартуды тапсырды.

"Үкімет іс жүзінде барлық жаңа тетіктерді пайдалана отырып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті енгізуі керек", - деп қадап айтты Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, кеңес 1998 жылы шетелдік инвесторлардың елдегі инвестициялық қызметіне байланысты проблемалық мәселелерді және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды тиімді шешу, ҚР Үкіметі мен шетелдік инвесторлардың арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету үшін құрылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны