02.07.2014, 20:19 3669

Н.Назарбаев "Қорғас - Шығыс қақпасы" жобасын бастауға рұқсат берді

"Қорғас- Шығыс қақпасы" АЭА Еуропа, Ресей, Орта Азия елдері мен Кавказ елдеріне трансконтиненталдық темір жолы бағыты арқылы Қытай мен Оңтүстік-шығыс Азиядан жүу айналымының дәстүрлі бағытындағы негізгі жоба болып табылады.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев "Қорғас Шығыс қақпасы" АЭА құрлық порты құрылысын бастауға рұқсат берді.

"Қорғас- Шығыс қақпасы" АЭА Еуропа, Ресей, Орта Азия елдері мен Кавказ елдеріне трансконтиненталдық темір жолы бағыты арқылы Қытай мен Оңтүстік-шығыс Азиядан жүу айналымының дәстүрлі бағытындағы негізгі жоба болып табылады. Биылғы жылдың соңына дейін құрлық порты мен логистикалық аймақ кешенінің 1 нысаны пайдалануға беру жұмыстары аяқталмақшы. Қазірдің өзінде "Hewlett Packard", "Toyota", "DHL" секілді өзге де көптеген әлемдік компаниялар Еуразиялық континент нарығына шығу үшін АЭА аумағында дистрибуция орталығын құруға қызығушылық танытып отыр. Біз осыны бастауға рұқсат беруіңізді күтіп отырмыз", - дейді DP World басқарушы директоры Анил Синх.

"Бұл өте маңызды нысан және біз оның іске қосылуын күтіп жүрміз. Себебі, шығыстан тынық мұхиты аймағынан контейнерлермен жүк Қазақстан мен Еуропаға қарай жіберіле бастағанда бұл жоба тасымал ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді. Сол себепті бұл Қазақстан логистикасының ең маңызды пункті деп ойлаймыз", - деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.

"Қорғас" АЭА Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азияға жіберілетін жүк тасымалы дәстүрлі бағыттарын Еуропа және Ресейге қарай трансконтиненттік темір жол бағыттары арқылы қайта бағдарлауға арналған негізгі жоба болып табылады. Оның негізгі құрамдас бөліктері: сауда-көрме кешендері желілері мен келіссөз жүргізу алаңы, құрғақ порт, логистикалық аймақ (терминалдар желілері), өнеркәсіптік кәсіпорындары кешені ретіндегі индустриялық аймақ.

ИЖТМ баспасөз қызметі таратқан ақпарттарға сәйкес, жыл соңына дейін құрғақ порттың іске қосу кешені мен логистикалық аймақ нысандарын қолданысқа беру бойынша жұмыстар аяқталмақ.

Құрғақ портта бірқатар мультимодальдік және көліктік инфрақұрылым қамтамасыз етілмек.

Бүгінгі күні "Қорғас" АЭА кешенді дамыту және құру" жобасының техника-экономикалық негіздемесін даярлау жұмыстары аяқталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны