02.07.2014, 20:30 3798

Н.Назарбаев: Логистика индустрияландыру бағдарламасының негізіне айналуы керек

"Логистика бойынша жұмысқа басымдық берілуі тиіс деп есептеймін. Біз Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистралін салып жатырмыз. 2015 жылға қарай оны аяқтаймыз. Үш құрғақ жүк терминалы салынып жатыр", - деді Қазақстан Президенті.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Логистика индустрияландыру бағдарламасының негізі болуы керек,деп мәлімдеді бүгін Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, ұлан-ғайыр Қазақстанда көлік пен тасымал жолға қойылмаса, экономикалық даму да болмақ емес.

"Логистика бойынша жұмысқа басымдық берілуі тиіс деп есептеймін. Біз Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистралін салып жатырмыз. 2015 жылға қарай оны аяқтаймыз. Үш құрғақ жүк терминалы салынып жатыр", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, ол автомобиль жолдарының маңызы зор екендігін де айта келіп, Бурабай-Астана жолын мысалға келтірді.

"Астана - Бурабай жолында батыспен салыстырғанда төлем өте аз. Бүгінде миллиард жиналды, бұл жолдардың сақталуын бюджетсіз толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Біз Павлодарға жол салып жатырмыз, келесі жылы Теміртау - Қарағанды жолын салып бітіреміз. Бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, еліміз үшін логистиканы дамытудың маңызы зор.

"Біздің кең байтақ Қазақстанымызды көліктік инфрақұрылымсыз дамыту мүмкін емес. Бұл ретте көлік атаулының ішінде темір жол шаруашылығына басымдық берілетіні сөзсіз. Осы себептен де біз ғасырлық маңызы зор жобалар "Жезқазған - Бейнеу" мен Маңғыстау облысында "Түркіменстан - Иран" темір жол желілерін жақын болашақта тәмемдайтын боламыз. Осы телімдер арқылы біз Парсы шығанағына шығуды жоспарлап отырмыз", - деді Президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны