25.07.2022, 15:54 11541

Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағыты бойынша рейстер саны екі есеге артады

15 тамыздан бастап "Qazaq Air" АҚ әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын ұшулар санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттырады.
ЖЕЗҚАЗҒАН. 25 ШІЛДЕ - 15 тамыздан бастап "Qazaq Air" АҚ әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын ұшулар санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыратынын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ұлытау облысының азаматтары мен Әкімдігінен келіп түскен көптеген өтініштеріне, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ұлытау облысының әуе қатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР ИИДМ Авиация комитеті "Qazaq Air" АҚ әуе компаниясымен жұмыс жүргізді.
 

Осылайша, 15 тамыздан бастап "Qazaq Air" АҚ әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын ұшулар санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыратынын хабарлады. ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғайтылады. Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп хабарлады ҚР Азаматтық авиация комитеті.

 
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп қосты баспасөз қызметі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны