Система Orphus

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекетте төтенше жағдай кезеңінде салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың келуіне шектеу қабылданды

18.03.2020, 19:05 1459

Алматы. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекетте төтенше жағдай кезеңінде салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың келуіне шектеу қабылданды.

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы"

2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 19, 212-баптарын басшылыққа ала отырып, салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсынған кезде, келесі нысандардың ұсыну мерзімін 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);

2) жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);

3) жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация

(230.00 нысан);

4) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);

5) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан);

6) жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);

7) тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 нысан);

8) бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысан).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны