29.04.2019, 22:02 8978

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті

2018-2019 жылдары Қазақстаннан Мажарстанға экспорт 28,2 млн. АҚШ доллар құраса, Мажарстаннан импорт 127,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Нұр-Сұлтан. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласында "Hilton Astana" қонақ үйінде Мажарстан Премьер - Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Михай Варганың Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан-Мажарстан бизнес-инвестициялық форумы өтті.

Аталғаніс-шара жұмысы наекіелдің 150-ден астам іскертоптарының өкілдері, оныңішінде 100-ге жуық Мажарстан бизнесінің өкілдеріқатысты.

Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттықәлеуеті, бірлескенын тымақтастықтыңар тықшылықтары мен екімемлекеттің сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі ілгерілету перспективалары таныстырылды.

Бизнес-форум аясында ынтымақтастық туралы 10к елісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, форум аясында қазақстандық және Мажарстандық кәсіпкерлер арасында екі жақты кездесулер өткізілді, онда агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, химия саласы және машина жасау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бүгінде елімізде Мажар капиталының қатысуымен 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Мажарстан отандық экономикаға 200 млн. АҚШ инвестиция құйды.Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылы - 2019 жылдың 1 тоқсанында 155,4 млн. АҚШ доллары құрады.

2018-2019 жылдары Қазақстаннан Мажарстанға экспорт 28,2 млн. АҚШ доллар құраса, Мажарстаннан импорт 127,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны