25.06.2019, 23:57 9697

Нұр-Сұлтан қаласында Транскаспийлік бағдар бойынша жүк ағынын өсіруге бағытталған келісімге қол қойылды

Каспий теңізіндегі порттар арасында (Ақтау, Баку(Алят) фидерлік кемелердің қатысуымен тікелей темір жол- су қатынасымен контейнерлік тасымалды ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды.

Нұр-Сұлтан. 25 маусым. Kazakhstan Today -Үстіміздегі жылдың 24-25 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамыту бойынша Жұмыс тобының кезекті отырысы және "ТХКБ" Халықаралық ассоциациясының Жалпы жиналысы өтті.

Жалпы жиналыс отырысы барысында ТХКБ-на жүктерді тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыру, контейнерлік тасымалды дамыту, бағдар бойынша қолайлы тарифтік жағдай жасау мәселелері талқыланды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ басшысы, "ТХКБ" ХА" ЗТБ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Транскаспий дәлізінің әлеуетін пайдалану бойынша іске асырылатын шараларды қабылдаудың маңыздылығын мәлімдеді.

"Аталған бағдар бойынша жүк ағынын өсіру бойынша жұмысты белсендендіру қажет. Біз қабылдаған шешім дәлізге жаңа қатысушыларды тартуға ықпал етуі тиіс", - деп атап өтті Сауат Мыңбаев.

Ірі көліктік-логистикалық компаниялардың аталған халықаралық дәлізге қызығушылығы артуда. Мәселен, "ТХКБ" ассоциациясына негізгі қызметі мамандандырылған жылжымалы құрамды басқару, астық тасымалы бойынша көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету болып табылатын "Астық-Транс" АҚ мүше болды.

Отырыс қорытындысы бойынша "Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары" ХА" ЗТБ жалпы жиналысының Хаттамасына қол қойылды.

Шара шеңберінде басшылар, яғни "ТХКБ" ассоциациясының тұрақты мүшелері сонымен қатар келесі құжаттарға:

- Каспий теңізіндегі порттар арасында (Ақтау, Баку(Алят) фидерлік кемелердің қатысуымен тікелей темір жол- су қатынасымен контейнерлік тасымалды ұйымдастыру туралы келісімге;

- ТХКБ бағдары бойынша контейнерлік пойыздар құрамында жүк тасымалын ұйымдастыру барысында жеткізу мерзімін сақтамағандық үшін жауапкершілік шаралары мен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны