12.12.2019, 13:45 34774

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы өтеді

Жүргізілген іс-шараның барысында Бақыт Сұлтанов 2020 жылы министрлік конференциясын өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы мен үлкен жауапкершілігін атап өтті.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы 2-3 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 12-ші министрлік конференциясын тиімді дайындау мақсатында Женева қаласында Қазақстан Республикасының өкілдері үшін дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Дүниежүзілік экономикалық форуммен, Дүниежүзілік сауда ұйымымен және Қазақстан Республикасының БҰҰ мен ДСҰжанындағы басқа халықаралық ұйымдарының тұрақты өкілдігімен бірлесіп "Көп жақты келіссөздер орталығы" ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановтың жетекшілігімен қазақстандық делегациясының құрамында Парламент Сенатының, сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері қатысты.

Жүргізілген іс-шараның барысында Бақыт Сұлтанов 2020 жылы министрлік конференциясын өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы мен үлкен жауапкершілігін атап өтті. Министр Қазақстан көп жақты сауда жүйесінің белсенді қолдаушысы болып табылатынын және Нұр-Сұлтанда өтетін Конференция елеулі нәтиже беруіне мүдделі екенін мәлімдеді. "Біз жаһандық сауда жүйесі үшін ауқымды нәтижелерге қол жеткізу мақсатында ДСҰ мүшелері арасында өзара тиімді шешімдер қабылдау жөнінде бірлескен жұмысқа өз үлесімізді қосуға әзірміз," - деп толықтырды өз сөзін Министр.

Одан басқа, талқылау барысында Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина ДСҰ министрлік конференциясын өткізуде Парламенттің рөлі туралы мәселені көтерді. ДСҰ Хатшылығының өкілі Министрлік конференциясы алды парламентаралық конференция өткізу практикасына тоқталды және ДСҰ мүшелерінің ұлттық делегациясының құрамында парламентарийлердің қатысу маңыздылығы аталып өтті.

Сондай-ақ қазақстандық тарап танымал халықаралық сарапшылардың, ДСҰ жанындағы елшілердің, жоғары лауазымдағы ДСҰ қызметкерлерінің және басқа халықаралық ұйымдардың ұсынымдарымен танысты. Кездесуге қатысушылар көп жақты сауда жүйесін, ДСҰ министрлік конференциясын өткізу жағдайында келіссөздер жүргізу стратегиясын дамыту жөніндегі өзекті мәселелерді шешу туралы пікірлермен алмасты, Конференция төрағасы ретінде нақты міндеттерді шешу мен елеулі нәтижелерге қол жеткізудегі министр Б. Сұлтановтың рөлін, сондай-ақ қолданыстағы халықаралық сауда жүйесін нығайту үшін Нұр-Сұлтанда өтетін алдағы ДСҰ министрлік конференциясының маңыздылығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны