03.07.2020, 22:13 6186

Нұр-Сұлтанда алғашқы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер көгілдір отынға қосылды

Нұр-Сұлтан қаласында табиғи газ беріліп, алғашқы әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлер қосылды

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда алғашқы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер көгілдір отынға қосылды.

Нұр-Сұлтан қаласында табиғи газ беріліп, алғашқы әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлер қосылды.

Көктал-1 тұрғын үй алабында "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, №29 мектеп және бірқатар жеке үйлер газға қосылды. Техникалық қосылу газ тарату желілерінің жеке үйлер мен ғимараттарды газға қосуға дайын екендігін көрсетті. Басқа тұтынушыларды қосу рәсімі іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жалғасады.

Осылайша, Железнодорожный тұрғын үй алабында газбен жабдықтау тарату желілерінің 96%-ы салынды. ЖЭО-1/2, тұрғын үй алаптарында тікелей үйлерге желілерді бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде. "Елорда күні қарсаңында ерекше қуанышты жағдайды атап өткен жөн. Бізге көгілдір отын келді. Пеш жағып көрген жандар ғана бізді түсінеді. Қыста аспанымыз түтіннен көрінбейтін. Енді бәрі өзгереді. Көктал тұрғындары - негізінен қарт адамдар. Енді оларға әлдеқайда жеңіл болады, көмір сатып алудың қажеті жоқ ", - деді Көктал-1 тұрғыны Галина Антонюк.

Железнодорожный тұрғыны Сәуле Жүнісова Елбасына тарихи жоба үшін алғыс айтты: "Табиғи көгілдір отынға қосылу біз үшін ұмытылмас оқиға". Елорда әкімі Алтай Көлгінов биылғы жылыту маусымында газ тарату желілері жеке сектордағы 8 мың үйге тартылатынын атап өтті. "Газдандыру - Тұңғыш Президентіміздің тарихи жобасы. "Бес әлеуметтік бастаманың" бірі. Елордаға өткен жылы 1 мың шақырым магистралды газ құбыры тартылды.

Газдандыру Мемлекет басшысының бақылауында. Биыл біз 8 мың жеке үйге газ тарату желілерін салуды жоспарлап отырмыз. Бүгін Астана күні қарсаңында алғашқы әлеуметтік нысандар мен үйлер газға қосылды. Көктал 1,2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный және Оңтүстік-шығыс ауданында ағымдағы жылыту маусымында бірінші кезеңде газ жүргізіледі. Сондай-ақ, ЖЭО - 1/2 газға ауыстырылады", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Әкімдік қала тұрғындары үшін тегін есептеуіштер орнатуды қарастыруда. Тұрғындарға газ тарату желілеріне қосылу үшін пеш дайындау қажет. Өндірістік сектор мен тұрғын үй алаптарын газдандыру 3 кезеңде жүргізіледі. Екінші кезеңде газ Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village (4-ПК) тұрғын алаптарына өткізіледі. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ПК), Шұбар (3-ші ПК), Өндіріс (4-ші ПК) тұрғын алаптары газдандырылатын болады. Іске асыру мерзімі - 2020-2023 жылдарға жоспарланған. Елорданы газдандыру қалаға зиянды қалдықтарды 6 есеге, қатты заттарды - 40 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны