09.04.2020, 13:44 5806

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

Ағымдағы жылы "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында 15 млн. шаршы метр немесе 150 мың тұрғын үй салу жоспарланған.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

ҚР ИИДМ желісі бойынша

Ағымдағы жылы "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында 15 млн. шаршы метр немесе 150 мың тұрғын үй салу жоспарланған.

Мемлекеттік инвестициялар есебінен әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік 38 300 пәтер (2,2 млн. шаршы метр) сатып алынады және салынады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 90 млрд. теңге көзделген.

Жалға берілетін тұрғын үймен 12 600 отбасын қамтамасыз ету жоспарланған, соның ішінде:

6 000 көп балалы отбасы;

1 000 жас маман;

5 600 халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санатына жататын кезекте тұрған адам.

Кредиттік тұрғын үй құрылысына 2017 жылдан бастап 207 млрд.теңге бағытталды. Осы қаражат әкімдіктерде револьверлік негізде айналымда, соның ішінде жыл сайын шамамен 101 млрд. теңге тұрғын үйді іске қосуды қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк дағдарыс кезінде құрылыс саласын қолдау және халықты жұмыспен қамту үшін 180 млрд теңге қосымша бөлді.

Осы қаражатты алу үшін әкімдіктер облигациялар шығаруға дайындалып жатыр.

Облигациялар шығару 7 сәуірге жоспарланған.

4 өңір (Нұр-Сұлтан қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстары) облигацияларды сатып алуға дайын, 12 өңір іске асырып жатыр.

Атырау облысы жобаны іске асырудан бас тартты.

Барлығы кредиттік тұрғын үй бойынша 25 700 отбасы қамтамасыз етілетін болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ағымдағы жылы 49 млрд. теңге есебінен көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2 %-бен жеңілдікті қарыздар беруді жалғастырады. Тұрғын үй жағдайларын 5 мың азамат жақсартады.

Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдан бастап 49,3 млрд. теңге сомасына 4955 қарыз берген.

"Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы қаулының жобасы

Негізгі өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін енгізу бөлігінде пилоттық жобаны іске асыруға, қаржыландыруды 180 млрд. теңгеге ұлғайтуға, 1 шаршы метр үшін құрылыстың шекті құнын арттыруға және кредиттік тұрғын үй бойынша нәтижелер көрсеткіштерін түзетуге байланысты.

Отандық құрылысты қолдау кезінде құрылыс индустриясына ерекше мән беріледі.

Бүгінгі күні құрылыс өнімдері нарығында негізгі материалдарға қажеттілік 669 млрд. теңгені құрайды.

330 млрд. теңгеге өнім өндіріліп жатыр. 339 млрд теңгеге өнім импортталады

Импортты алмастыру жұмысы шеңберінде 33 жаңа жоба іске асырылып жатыр

Осы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін импорттың үлесі 54%-ға төмендейді.

Табақты шыныға қажеттілікті жабу үшін Қызылорда облысында құны 32 млрд. теңге болатын шыны зауыты салынып жатыр.

Қосымша Нұр-Сұлтан қаласында құны 13 млрд. теңге болатын полиэтиленді құбыр өндірісі іске қосылды.

Керамика өндірісі ("Зерде керамика Ақтөбе" ЖШС) 26 млрд. теңге және арматура өндірісін 40 млрд. теңгеге ("Арматурный Таразский завод" ЖШС) ұлғаяды.

Қосымша ірі құрылыс компанияларымен және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-мен бірлесіп "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 100% импорт алмастыратын отқа төзімді кірпіш, жабын материалдары, санфаянс және лак-бояу бұйымдары өндірісі жобаларын іске қосу мәселесі пысықталып жатыр.

Бүгінгі күні құрылыс саласына және аралас салаларға (құрылыс индустриясы, логистика, сауда, қызмет көрсету және т.б.) шамамен 642 мың қазақстандық тартылған.

Тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасы бойынша қосымша бөлінген қаражат шеңберінде 15 мың жұмыс орны құрылып жатыр.

Құрылыс индустриясында 29 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты.

Импортты алмастыратын 33 кәсіпорында шамамен 8 мың жұмысшы еңбек ететін болады.

ҚР ЭГТРМ желісі бойынша

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1,5 млн. гектар суармалы жер бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік облыстарға тиесілі.

Өткен жылы сол жерлерді суару үшін 12,3 млрд м 3 су жұмсалды. Бұл еліміз бойынша тұтынатын судың 67% құрайды.

Сумен қамтамасыз етуді арттыру және қалпына келтіру үшін Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары бойынша көлемі 492 мың гектар суармалы жерлерде тиісті жобалар іске асырылуда. Олар қаржыландыру көздеріне байланысты 4 бағытқа бөлінген. Жалпы сомасы 274 млрд. теңгені құрайды.

2020-2022 жылдар аралығында 6 785 километр канал, 4 су қоймасы, 4 су торабы, 239 дренаж ұңғымасы және 23 мың өзге де су шаруашылық нысандары салынып, әрі қайта жаңартылады.

Барлығы 88 мың жұмыс орындары құрылады. Соның ішінде, 11 мың жұмыс орны құрылыс кезінде пайда болады.

Ең бастысы, қалпына келтірілген суармалы жерлерді айналымға енгізу барысы ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Осы жерлердегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі жылына 165 млрд. теңгені құрайды. Ол, өз кезегінде, сауда, өнімді қайта өңдеу, мал шаруашылығы салаларында одан әрі мультипликативтік әсер етеді.

Жобаларды іске асыру үшін халықаралық қаржы институттарынан да, республикалық бюджеттен де қаражат жұмсалады.

Дүниежүзілік Банктің займі арқылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жерді суару үшін инфрақұрылым қалпына келтіріледі. 105 мың гектар жердегі тиісті жұмыстар 2021 жылдың соңына дейін аяқталады.

2 500 километр канал, 2 мың километрден астам коллекторлық-дренаж желісі, 221 дренаж ұңғымасы және 20 мыңға жуық өзге де су шаруашылық нысандары салынып, қайта жаңартылады.

Құрылыс кезінде 2 жарым мың жұмыс орны пайда болады. Ал аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығында тұрақты 20 мың жұмыс орны құрылады. Өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің жыл сайынғы көлемі 60 млрд.теңгені құрайды.

Еуропалық және Ислам Қайта Құру және Даму банктерінің займдері арқылы 128 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі 2020-2022 жылдары ұлғайтылады және қалпына келтірілетін болады. Бұл жерлер Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында шоғырланған.

Жобаны іске асыру шеңберінде 47 насостық станциясы мен 91 километр құбыр желісі салынады, 3 мың километр каналдар мен 302 дренаждық құдық қалпына келтіріледі.

Бұл 57 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның 4 600-і құрылыс кезеңінде пайда болса, ал 52 500-і кейін ауыл шаруашылығында тұрақты жұмыс орны болады.

Осы жерлерде жылына 105 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өсірілетін болады.

Жұмыспен қамту жол картасы және 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан 260 мың гектар суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуді арттыру көзделген. Ол үшін 21 жоба іске асырылады.

4 су қоймасында, 4 су торабында, 18 дренаж ұңғымаларында және 487 километр суару каналдарында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Шамамен 8,6 мың жұмыс орны құрылады. Құрылыс кезінде 3 800 жұмыс орны, ал жоба аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығы саласында - 4800 жұмыс орны пайда болады.

2030 жылға дейін Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 28 су қоймасының салынуы болжанылып отыр. Осы су қоймалары 3,8 куб.километр көлеміндегі суды жинауға мүмкіндік береді. Және оған 470 мың гектар суармалы жерлерді қосуға болады.

Өз кезегінде, 12 су қоймасын тек суару үшін ғана емес, сонымен қатар, 70 елді мекендегі су басу қаупін жою үшін де пайдалануға болады.

Су қоймаларының құрылысы аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығында жаңадан тұрақты 29 мың жұмыс орнын іске қосу мүмкіндігі болады.

Биылғы вегетациялық кезеңге дайындық

Ағымдағы жылға арналған гидрологиялық болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында су аз болады деп күтілуде.

Осыған орай біз тиісті шаралар қабылдадық. Су қоймаларының жұмыс кестелері қайта қаралып, әзірленді. Осы жұмыс кестелерін дайындау барысында суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету есепке алынды. Қазіргі таңда су қоймалары толтырылып жатыр.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында 205 километр канал тазаланды және бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда.

Сондай-ақ, 335 гидротехникалық нысандар жөнделіп, 39 километр каналдар бетонмен қапталды.

Біз өз тарапымыздан өзбек, қырғыз және тәжік әріптестерімізбен тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің басты назарда - Сырдария, Шу, Талас өзендері және мемлекетаралық каналдар бойынша Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарына қажетті су түсуін қамтамасыз ету. Осыған орай, видеобайланыс арқылы 10 сәуірде су шаруашылық министрліктерінің арасында консультациялар өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны