22.05.2020, 21:47 6414

"Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді беруде алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады байланысты

Барлық шарттарға нотариустың қатысуымен, мекен-жайлары www.kmc.kz. корпоративтік сайтында көрсетілген Компанияның ресми офистарында ғана қол қойылады Компанияның барлық өңірлік өкілдерінің мөрі мен қолы қойылған қызметтік куәліктері болады.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ (бұдан әрі - "Компания") "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді беру бөлігінде үшінші тұлғалардың ықтимал алаяқтық әрекеттеріне байланысты келесіні хабарлайды.

Компания мемлекеттік және жеке бағдарламалардың операторы болып табылады. Бұл ретте Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қатысушылардың тізімін Компанияның ынтымақтастық туралы келісімі бар Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) немесе басқа да мемлекеттік органдар қалыптастырады. Компания қызметкерлерінің үміткерлер тізіміне кезекте тұрғандарды енгізу немесе жылжыту бойынша өкілеттігі жоқ.

ЖАО бағдарламаға қатысу үшін ұсынған барлық үміткерлер төлем қабілеттілігіне алғашқы тексеруден өтеді, сондай-ақ Компанияның мамандандырылған электрондық порталында немесе Компанияның офистарында тұрғын үйді бөлуге қатысады.

Барлық шарттарға нотариустың қатысуымен, мекен-жайлары www.kmc.kz. корпоративтік сайтында көрсетілген Компанияның ресми офистарында ғана қол қойылады Компанияның барлық өңірлік өкілдерінің мөрі мен қолы қойылған қызметтік куәліктері болады.

Құрметті қазақстандықтар, біз сізден сақ болуыңызды, тек ресми ақпарат көздеріне сенім артуды сұраймыз, алаяқтық әрекеттерге кез келген күдік туындаған жағдайда Компанияның call-орталығына 88000804448 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны