19.01.2026, 10:12 123361
Нан бағасы, кеңейтілген баға бақылауы және ерте өнімді сатып алу: Үкіметте инфляцияны тұрақтандыру шаралары талқыланды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа жылдағы инфляцияны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі алғашқы кеңес өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кеңейтілген тізбесі биылғы жылдың 4 қаңтарынан бастап күшіне еніп, алғашқы оң нәтижелерін көрсете бастады. Атап айтқанда, жыл басынан бері азық-түлік тауарлары бағаларының индексі +0,2%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (+0,7 %) үш есе төмен.
Бұған дейін мемлекеттік баға реттеуі қолданылмаған бірқатар тауар позициялары бойынша да оң баға динамикасы тіркелді.
Жыл басынан бері сүт өнімдерінің бағасы төмендеді: қаймақ 0,2 %-ға, сүт 0,3%-ға, ірімшік 0,6 %-ға арзандады. Жеміс-көкөніс тобы бойынша қызанақтың бағасы 1%-ға, қияр 3,7%-ға, алма 1,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар кеңейтілген тізбеге енгізілген күріш, шай, ет және балық өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша да бағаның төмендеуі байқалады.
Отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесін кеңейту шарасы уақытша сипатқа ие екені және азық-түлік нарығындағы баға ауытқуларын жақсартуға бағытталғаны айтылды. Нарықтағы жағдай тұрақтанған сайын аталған тізбе кезең-кезеңімен негізгі 19 позицияға қайтарылады.
Сонымен бірге жекелеген азық-түлік өнімдері бойынша бағаның өсуі сақталуда. Олардың ішінде күнбағыс майы, сары май және сүзбе қымбаттаған. Бұл, негізінен, импорттық өнімдердің үлесіне, сондай-ақ сыртқы нарықтағы баға конъюнктурасына байланысты. ФАО деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсімдік майларының әлемдік орташа баға индексі 161,6 пунктті құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,1 %-ға өсті. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгей болып отыр және әлемдік нарықтағы ұсыныстың шектеулі болуымен байланысты.
Ішкі нарықтағы бағаны ұстап тұру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығымен биылғы жылға өнімнің сату бағасын тұрақтандыруды көздейтін меморандум әзірлеуде. Сондай-ақ жұмыртқа, тауық еті, тұз және картоп өндірушілерімен де осындай келісімдер жасалмақ.
Түркістан облысындағы әлеуметтік нан бағасының өсу жағдайы да жеке қаралды. Өңірдегі үш наубайхананың бірінде өндірістік шығындардың артуы және арзандатылған ұн тапшылығына байланысты баға көтерілген. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтандырылып, баға бұрынғы деңгейіне түсірілді. Осыған байланысты вице-премьер Азық-түлік корпорациясына "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясымен бірлесіп өңірлердің жеңілдетілген ұнмен қамтамасыз етілуіне жедел талдау жүргізуді және қажет болған жағдайда арзандатылған астықтың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Көкөніс өнімдері мен алма бағасы жалпы алғанда тұрақты деңгейде сақталуда. Қаңтар айында картоптың сату бағасы бір килограмына 150-170 теңге аралығында болды. Бұл Сауда және интеграция министрлігі мен Картоп өсірушілер одағы арасындағы меморандумда белгіленген шекті деңгейлерге сәйкес келеді.
Сонымен қатар картоп пен сәбіз экспортының артуы ішкі нарыққа қосымша қысым түсіруде. Осыған байланысты өңірлердегі бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорларынан көкөніс өнімдерін сату жұмыстары басталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жалпы көлемі 247 мың тоннаны құрайтын қалыптастырылған қордан 35,8 мың тонна өнім сатылған. Бірқатар өңірде өнімді қолжетімді бағамен өткізу қарқыны жеткіліксіз. Осыған байланысты Серік Жұманғарин өңір әкімдіктеріне ақпан айының соңына дейін өткен жылғы өнім қорының негізгі бөлігін сатуды тапсырды.
Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігіне QazTrade компаниясымен бірлесіп наурыз айының басынан бастап көршілес елдерден ерте пісетін ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Жыл соңына дейін республика бойынша шамамен 6 мың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, вице-премьер жауапты мемлекеттік органдарға ағымдағы баға динамикасын ескере отырып, бағаны тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қайта қарап, өзектендіруді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.02.2026, 11:57 1951
Қазақстанда шағын бизнестің өсімпұлы мен айыппұлын есептен шығару тәртібі бекітілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен шағын бизнес субъектілеріне қатысты өсімпұлдар мен айыппұл сомаларын есептен шығару қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қағидаларға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі сомалары есептен шығарылады:
Біріншіден, салық төлеушінің жеке шотында 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған өсімпұл, сондай-ақ сол күнгі жағдай бойынша есепте тұрған берешек сомасына 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген күнге дейінгі кезеңге, төлем жасалған күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл - берешек өтелген салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша.
Екіншіден, Салық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік кірістер органдары салған және 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған айыппұл - берешек өтелген салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша.
Үшіншіден, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлеу мерзімі салық заңнамасына және ҚР оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгертілген салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салықтық міндеттеме 2026 жылғы 1 сәуірге дейін толық көлемде орындалған жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар.
Төртіншіден, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған айналымдар бойынша ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген кезеңдегі айналым үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес мемлекеттік кірістер органдары салған және салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған айыппұл.
Бұл ретте міндетті шарт - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасын 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтеуі.
Есептен шығаруға жатпайтын сомалар да айқындалған. Атап айтқанда, жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне және жеке практикасына байланысты емес салықтық міндеттемелері бойынша қалыптасқан өсімпұлдар, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ салық заңнамасын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға салынған айыппұлдар есептен шығарылмайды.
Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару салық төлеушілердің жеке шоттарына жүргізілетін түгендеу қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Түгендеу комиссия құрылған күннен бастап 2026 жылғы 31 наурызға дейін жүргізіледі.
Бұйрық 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2026, 20:56 46451
Инвестициялар және инфрақұрылым: Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды.
Отырысты ашқан Премьер-министр Президенттің Alatau City-ді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Алатау қаласын ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде белгілеп, жұмыс барысын тікелей өзі қадағалап отыр. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында қала дамуының негізгі қағидаттары да қамтылды. Елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық мүдделеріне сай әрі инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Алатау қаласын дамыту - бұл ерекше мәртебеге ие, жеделдетілген дамудың заманауи цифрлық қаласын құруға бағытталған инновациялық шешім", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұл ретте елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы елдің әкімшілік-аумақтық құрылымына әсер етпейтіні баса айтылды. Аумақтың тұрақтылық принципі сақталады әрі маңызды болып қала береді, бұл оның жаңа Конституция жобасының бірінші бөлімінде - "Конституциялық құрылым негіздерінде" бекітілуімен дәлелденеді.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі уақытта Парламентте "Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы қаралуда.
Институционалдық база құрумен қатар инвесторлар үшін тартымды орта қалыптастыратын және қала экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін жүйе құраушы жобаларды іске қосу бойынша практикалық жұмыс жүргізілуде. Басым бағыттар қатарында қаланың сәулеттік-іскерлік өзегі ретінде Iconic Complex көпфункционалды кешенін және жоғары білікті мамандар даярлайтын әрі озық технологияларды дамыту орталығы ретінде KAIST Kazakhstan технологиялық университетін салу жобалары бар.
Жалпы инвестициялық портфель өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу, қызмет көрсету және креативті индустрия салаларындағы жалпы көлемі шамамен 1,8 трлн теңге болатын 44 жобадан тұрады. Оларды жүзеге асыру 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және Alatau City тұрақты экономикалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылды. Бірқатар бағыт бойынша жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда:
энергиямен қамтамасыз ету - "Арна" қосалқы стансасының құрылысы 220/110 кВ, 6 қосалқы стансаны жобалау;
сумен жабдықтау және су бұру - "Ынтымақ" су тоғанының қуатын кеңейту, үш су тоғанының құрылысы, ағын суды тазарту стансасы және су таратушы коллекторлар салу;
газбен қамту - "Gate City-1" жаңа автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысын жобалау, Жетіген АГТС құрылысын аяқтау;
жол инфрақұрылымы - Growing және Gate District-ке жол өтпесін салу бойынша құжаттама әзірленуде және EPC-F келісімшарттары шеңберінде Golden District-те жол өтпесін және инженерлік желілері бар жол салу көзделген.
Alatau City Authority мемлекеттік қорының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров Алатау қаласын дамыту бойынша тұжырымдамалық және қала құрылысы жоспарлары, даму стратегиясы сияқты іргелі құжаттардың әзірленгені туралы баяндады.
Тұжырымдамалық жоспарды енгізу қаланың стратегиялық және кеңістіктік дамуын айқындайды. Қала құрылысы жоспары мен даму стратегиясы аймақтарға бөлуді және құрылыс параметрлерін, сондай-ақ тұрғын үйдің өмір сүру ортасының сапасына қойылатын талаптарды, оның ішінде ғимараттардың биіктігі бойынша шектеулерді, көгалдандыру және абаттандыру нормаларын, аумақтың желдетілуін және жеке көліктер мен автотұрақтардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Даму стратегиясы салалық актілер мен инвестициялық жоспарды бекітуге, сондай-ақ Алатау қаласының жедел дамуын қамтамасыз ету үшін преференциялар беруге негіз болады.
Сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері жеке қарастырылды. Шэньчжэнь, Дубай және Сингапурдың табысты тәжірибесін ескере отырып, Алатауда адами капиталды қалыптастырудың кезеңдік моделі ұсынылады. Бұл модель сапа басымдығы бар еңбек ресурстарының басқарылатын және селективті ағыны принциптеріне негізделген.
Негізгі бағдарлардың қатарында көші-қон саясатын экономиканың қажеттіліктерімен байланыстыру, жұмыспен қамтуды институционалдық реттеу және ел ішінде дағдылар мен құзыреттерді жүйелі жаңғырту есебінен еңбек нарығының жоғары білікті және басқарушылық сегменттеріндегі қазақстандық мамандардың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау көрсетілген.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар Алатау қаласын дамыту бойынша ұсынылған тәсілдер мен жұмыс бағыттарын қолдады. Қаланың экожүйесін толыққанды қалыптастыру үшін дербес актілерді әзірлеу басым міндет болып саналатыны атап өтілді. Осы жұмысты үйлестіру және сүйемелдеу мақсатында қажетті мәселелерді уақтылы қарап әрі жедел шешімдер қабылдау үшін Жедел комитет құрылды.
Барлық нормативтік актілерді әзірлеу олардың инвесторлар үшін айқындылығы мен ашықтығына бағдарлануы тиіс екендігі атап өтілді. Осыған байланысты Алатау актілерін әзірлеуге және сараптауға отандық сарапшылармен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін тарту тапсырылды.
Премьер-министр табысты проактивті инвестициялық саясатты жүргізу үшін инженерлік инфрақұрылымды, әсіресе ірі зәкірлік жобаларды қарқынды дамыту талап етілетінін атап өтті. Алатау қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша министрліктерге Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп бірқатар тапсырма берілді.
Сондай-ақ ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы бірқатар шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 16:58 71266
Қытайдың жаңа жылын тойлауға байланысты "Қорғас" екі аптаға жабылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚХР-да Қытай Жаңа жылының мерекеленуіне және осыған байланысты "Қорғас" ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты, деп хабарлайды "Қорғас" ШЫХО әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Орталық 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабық болады.
Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2 наурыз 2026 жылдан бастап Орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 15:54 71416
Қаңтарда теңге 0,9%-ға нығайды - Ұлттық банк
Достарға айту
Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 501,24 теңгеге дейін 0,9%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 359 млн АҚШ долларынан 306 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,8 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Қаңтар айында Ұлттық қордан 350 млн АҚШ долларында валюта сатылды, бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 6%-ын құрады немесе ол - күніне 18,5 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшер.
Күтілетін фискалдық түсімдерді ескергенде, Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша ақпан айында республикалық бюджетке трансферт бөлуге Ұлттық Банк Ұлттық қордан 350 млн АҚШ долларынан 450 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжайды.
Қаңтар айында айналау операциясы аясында 350 млрд теңге алынды. Ақпанның ішінде осы мақсатта 350 млрд теңге баламасында валюта сату күтіледі.
Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ айналау тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.
Ұлттық Банк қаңтарда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Өткен айдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінде валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында валюта түсімін сату көлемі шамамен 206 млн АҚШ долларын құрады.
Осыған дейінгі жоспарға сәйкес, БЖЗҚ валюталық активтердің үлесі 40%-дан асатынын екенін ескергенде, Ұлттық Банк қаңтар айында зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмады. Ақпанда да валюта сатып алуға қатысты жоспар жоқ.
Ашықтық қағидаты аясында Ұлттық Банк валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы ақпаратты толық ашып көрсетуді жалғастырады. Қысқамерзімді келешекте теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы бағам белгілеу режимін ұстана береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 14:48 71591
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы қаңтар айында 12,2%
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы қаңтар айында 12,2% (2025 жылғы желтоқсанда - 12,3%), бір айда - 1% құрады (өткен айда - 0,9%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Баға азық-түлік тауарларға бір жылда - 12,9% (2025 жылғы желтоқсанда - 13,5%), ақылы қызметтерге- 12% (2025 жылғы желтоқсанда - 12%), азық-түлік емес тауарларға 11,7% (2025 жылғы желтоқсанда - 11,1%) өсті.
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,4 пайыздық тармақ), көлік (1,1 пайыздық тармақ), жеке күтім, әлеуметтік қорғау және басқа да тауарлар мен қызметтер (1 пайыздық тармақ) қосты.
Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі - 1,1%, азық-түлік емес тауарлар - 1,2%, азық-түлік тауарлар 0,8% өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 21:29 107756
Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді
Достарға айту
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Отбасы банк баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл өзгерістер зейнетақы жинақтарының артығын жұмсауға болатын бір мақсатқа- Отбасы банкіндегі қарыздар бойынша берешекті ішінара және толық өтеуге қатысты. Аталған мақсат қазақстандықтарға ипотека бойынша айсайынғы төлемдерді өтеуге мүмкіндік беріп келген.
Бұл түзетулер Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді. Аталған өзгеріс 2026 жылдың 31 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұрын Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара өтеу қалай жүзеге асырылды?
Банк клиенті enpf-otbasy.kz платформасына кіріп, "Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыздың берешегін ішінара өтеу" мақсатын таңдайтын. Өтінім рәсімдеп, зейнетақы қорындағы артық жинақтарды пайдалануға сұрау жіберетін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өтінімді 5 жұмыс күні ішінде қарайтын және зейнетақы жинақтарының артығы болған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) сомасын Отбасы банкіндегі арнайы шотқа аударатын.
Қаражат түскеннен кейін клиент оны 20 жұмыс күні ішінде пайдалануы тиіс болатын. Әдетте, қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеу рәсімі кезекті несие төлемі жасалатын күні іске қосылатын. Соның нәтижесінде қарыз бойынша айсайынғы төлем өтелетін.
Несие бойынша айсайынғы төлем бірнеше бөліктен тұрады:
- негізгі қарыздан- бұл банктің тұрғын үй сатып алу үшін клиентке берген қаражаты;
- банктің сыйақысынан- тұрғын үй сатып алуға берілген қаражатты пайдаланғаны үшін есептелетін пайыздар;
- мүмкін болатын мерзімі өткен берешек пен өсімпұлдардан- төлем уақытында жасалмаған жағдайда есептеледі;
- кейінге қалдырылған төлемдерден- егер қарыз қайта құрылымдалған болса;
- депозиттегі жинақтардан- алдын ала қарыз берілген жағдайда.
Қандай өзгерістер енгізілді?
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында "берешек" ұғымы "негізгі қарыз" ұғымымен алмастырылды.
Бұл дегеніміз, енді зейнетақы жинақтарының артығын пайдалана отырып, несие бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды ғана өтеуге болады. Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен айсайынғы төлемді толық жабу мүмкін болмайды. Несие бойынша сыйақы (пайыздар) және айсайынғы төлем құрамына кіретін басқа даілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс",- делінген хабарламада.
Енді Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара және толық өтеу қалай жүзеге асырылады?
Жаңа талаптардың енгізілуіне байланысты Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара немесе толық өтеу процесін қайта бейімдеу қажет. Бұл белгілі бір уақытты талап етеді.
Алдағы уақытта бұл операция екі кезеңнен тұратын болады:
- алдымен несие бойынша сыйақы және басқа даілеспе төлемдер қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді;
- содан кейін негізгі қарыз зейнетақы жинақтарының артығы есебінен өтеледі.
Осыған байланысты Отбасы банкіндегі ағымдағы және арнайы шоттарда қажетті қаражаттың алдын ала болуын қамтамасыз ету қажет. Банктің қашықтан көрсетілетін қызметтерін- мобильді қосымшаны және otbasybank.kz сайиындағы жеке кабинетті- жаңа талаптарға бейімдеу мақсатында Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, қарыздарды ішінара немесе толық өтеуге арналған өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатуға мәжбүр",- делінген банк хабарламасында.
enpf-otbasy.kz платформасында өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 30 қаңтарынан 31 қаңтарына қараған түннен бастап 2026 жылдың 2 наурызына дейін тоқтатылады.
2026 жылдың 30 қаңтарын қоса алғандағы мерзімге дейін берілген өтінімдер бұрынғы ережелерге сәйкес жұмыс тәртібінде қаралады.
enpf-otbasy.kz платформасында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының артығын сұрату процесі өзгеріссіз қалады.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы қаражатын пайдаланудың басқа барлық бағыттары өзгеріссіз сақталады.
Бұл іс жүзінде қалай жүзеге асады?
Банк клиентінің зейнетақы жинағының артық сомасы 100 000 теңге. Олосы қаражатты тұрғын үй қарызы бойынша айсайынғы төлемді өтеу үшін пайдаланғысы келеді. Аталған айсайынғы төлем келесі бөліктерден тұрады:
- айсайынғы төлемнің жалпы сомасы- 74 825 теңге;
- тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы (пайыздар)- 6 175 теңге;
- негізгі қарыз- 65 699 теңге.
Бұрынғы ережелер бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтеу қызмеиін пайдалана отырып, клиент айсайынғы төлемді толықтай біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) есебінен өтей алатын.
Жаңа ережелерге сәйкес, клиент алдымен тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыны төлеу үшін 6 175 теңге көлемінде өз қаражатын ағымдағы шотқа салуы қажет. Тек содан кейін ғана олбіржолғы зейнетақы төлемі есебінен 65 699 теңге мөлшеріндегі негізгі қарызды өтейді.
Біржолғы зейнетақы төлемінің қалған бөлігі
- (100 000- 65 699 = 34 301 теңге)
- қосымша түрде негізгі қарызды өтеуге бағытталады.
- тағы бір мысал келтіре кетейік
Банк клиентінің зейнетақы жинақтарының артығы 200 000 теңге. Олбұл қаражатты алдын ала тұрғын үй қарызы бойынша айсайынғы төлемді өтеу үшін пайдаланғысы келеді.
Алдын ала қарыздар банктің мемлекеттік және өз бағдарламалары аясында 2%-дан бастап мөлшерлемемен беріледі. Бастапқы жарна 10%-дан басталады. Бұл қарыз түрі тұрғын үй құнының 100% көлемінде беріледі және несие бойынша сыйақы толық берілген сомаға есептеледі. Бастапқы жарна есепке алынбайды, олОтбасы банкіндегі депозитте сақталады. Қарыз алушы несие бойынша төлем жасаумен қатар депозиттегі жинақтарын несие сомасының 50%-ына дейін толықтыруы тиіс. Бұл- тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің талаптары.
Осыған байланысты алдын ала қарыз бойынша айсайынғы төлем екі бөліктен тұрады:
- банктің сыйақысын (пайыздарын) төлеу;
- депозитке міндетті жинақ жарнасын аудару.
Депозитте несие сомасының 50%-ы жиналғаннан кейін, бұл қаражат қарызды өтеуге бағытталады, айсайынғы төлем мөлшері азаяды және содан кейін клиент негізгі қарыз бен оған есептелетін сыйақыны төлей бастайды.
Алдын ала қарыз бойынша клиенттің айсайынғы төлемі келесі сомалардан тұрады:
- айсайынғы төлемнің жалпы сомасы- 75 000 теңге;
- алдын ала қарыз бойынша сыйақы- 25 000 теңге;
- депозитке міндетті жарна- 50 000 теңге.
Бұрынғы ережелер бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтеу функциясын пайдалана отырып, клиент 75 000 теңге мөлшеріндегі айсайынғы төлемді толықтай біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) есебінен өтей алатын. Бұл жағдайда БЗТ-ның қалған 125 000 теңгесі негізгі қарызды өтеуге бағытталатын.
Жаңа ережелерге сәйкес, клиент алдымен өз қаражаты есебінен ағымдағы шотта несие бойынша сыйақыны және депозитке міндетті жарнаны қамтамасыз етуі тиіс. Тек содан кейін ғана ол200 000 теңге мөлшеріндегі біржолғы зейнетақы төлемі есебінен негізгі қарызды өтей алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 17:41 108296
Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі инвесторлар мен мемлекет арасындағы диалогтің негізгі алаңына айналды - сарапшылар
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда инвесторларды қолдау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
ЕҚДБ-ның бағалауы бойынша Қазақстан өз тарихында тартқан шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Орталық Азияда көшбасшы позициясын сақтап отыр
ЕҚДБ-ның бағалауы бойынша Қазақстан өз тарихында тартқан шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Орталық Азияда көшбасшы позициясын сақтап отыр. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия мен Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озхан мәлімдеді.
Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Орталық Азия өңірінде белгілі бір жағдайларда көшбасшы орында тұр. ЕҚДБ ұлттық экономиканың түрлі салаларына инвестиция салатын шетелдік инвесторлардың серіктесі екенін мақтан тұтады", - деп атап өтті ол.
Өткен жылы жүзеге асырылған бастамалардың нақты мысалдары мыналар:
- фармацевтика саласындағы локализациялық өндірісті дамытуға бағытталған жоба;
- тамақ қоспаларын өндіру секторында қаржыландыруды қамтамасыз ету;
- өндірістік қуаттарды кеңейту және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстанға инвестиция салатын халықаралық және еуропалық компанияларды қолдау.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің мемлекет пен ірі инвесторлар арасындағы диалогтің негізгі платформасы ретіндегі рөлі атап өтілді. "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығы инвестициялық нарықтағы жетекші қатысушылардың басын біріктіреді және олардың қызметін үйлестіруге ықпал етеді.
Қазақстандықтарға кардиология мен онкологиядағы терапияның жаңа әдістері қолжетімді болады
Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін локализациялау мен емдеудің заманауи әдістеріне қолжетімділікті кеңейту жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Polpharma Santo ("Химфарм" АҚ) бас директоры Адам Алексейюк хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстандағы медициналық өндірістерді локализациялау азаматтардың өмірлік маңызы бар дәрілік заттарға қолжетімділігіне тікелей әсер етеді.
Медициналық өндірістерді локализациялау - бұл азаматтардың өмірлік маңызды препараттарға қол жеткізуі мәселесі. Мен бүгін бизнес пен Денсаулық сақтау министрлігі жаңа инвестициялық келісімшарттарға қол қоюға мүмкіндік беретін шешімдерге келгенін қуана хабарлаймын", - деп атап өтті Адам Алексейюк.
Ол Polpharma Santo Қазақстандағы дәйекті инвестициялық саясатты жалғастырып жатқанын атап өтті.
Біз Polpharma Santo компаниясы ретінде инвестициялауды жалғастырамыз және Қазақстан азаматтарына кардиология, онкология және антибиотиктер саласындағы терапияның жаңа әдістеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін келісімшарт бойынша жұмысты аяқтаймыз. Аталған келісімшартты аяқтау - бұл біздің жылдар бойы дайындаған серпінді жұмысымыз. Өткен жылы біз өзіміздің инновациялық және зертханалық орталықтарымызды салдық, ал осы жылдың сәуір айында өзіміздің R&D орталығымызды ашамыз. Біз Қазақстан азаматтарына аса маңызды дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін барынша жылдам дамуға дайынбыз", - деді компания басшысы.
Жаңа инвестициялық келісімдерді жүзеге асыру елімізде қолжетімді дәрі-дәрмектер желісін кеңейтуге және Қазақстанның дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Дәрілік заттарды таңбалау және контрафактілік өнімдермен күресу мәселелері пациенттердің қауіпсіздігін және фармацевтикалық нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуде шешуші болып қала береді.
Оның айтуынша, серияландыру жүйесі бизнес тарапынан да, мемлекет тарапынан да дәрі-дәрмектердің түпнұсқалығын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.
Таңбалау және сериялау пациенттердің қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Бұл бізге зияткерлік меншік құқығымызды қорғау үшін бизнесті де, пациенттер үшін контрафактілік өнімдердің болмауын қамтамасыз ету үшін мемлекетті де толық бақылауға мүмкіндік береді. Ал дәрі-дәрмектерге қатысты контрафакт - бұл өте маңызды мәселе", - деп атап өтті ол.
Polpharma Santo Қазақстан нарығына жеткізілетін барлық өнімдерді толық сериялауды енгізген алғашқы компаниялардың бірі болды. Қазіргі уақытта жүйе жұмыс істеп тұр, алайда, компанияның пікірінше, одан әрі дамыту және жетілдіру қажет.
Адам Алексеюктің айтуынша, тұтынушылардың дәрі-дәрмектердің түпнұсқалығын тексеруге қатысуына назар аудару керек: азаматтар дәріханадағы әрбір қаптаманы тексеріп, QR кодын сканерлеп, препараттың түпнұсқалығына көз жеткізуі қажет. Сонымен қатар ол заңбұзушылықты анықтау және жедел ден қою бойынша мемлекеттік тетіктерді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанда денсаулық сақтау, құрылыс және логистикадағы жаңа инвестициялық келісімдер пысықталуда
Экономиканың негізгі секторларында жаңа инвестициялық келісімдерді дайындау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының директоры Жанна Байдашева мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында инвесторлар мен Үкімет арасында ашық диалог құрылуда.
Қазір инвестициялар туралы жаңа келісімдер қаралуда және денсаулық сақтау, құрылыс, көлік-логистика, жер қойнауын пайдалану және тағы да басқа салаларда ауқымды жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, адами капиталды дамыту және кадрларды даярлау мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуде. Былтыр "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында инвесторлар өз кәсіпорындары үшін жұмысшы маман кадрларын даярлауға белсенді қатысты.
Инвестицияларды тартумен қатар, технологиялар трансферті, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылатыны атап өтілді.
Сондай-ақ, жұмыстың маңызды бағыттарының бірі экономика салаларын цифрландыру болып қала бермек. Жасанды интеллект технологияларына көшу жағдайында мемлекет пен бизнестің алдында экономиканың барлық салаларына цифрлық шешімдерді кешенді түрде енгізу міндеті тұр.
Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: ЖИ-технологияларын енгізу компаниялардың өнімділігін 20-40%-ға арттыруға мүмкіндік береді
Жасанды интеллектіні енгізу жеделдеп, оның бизнес өнімділігіне ықпалы өсе түскен шақта ЖИ саласында терең құзыреті бар кадрларды даярлау ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл туралы KPMG-нің Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі басқарушы серіктесі Сәкен Жұмашев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жасанды интеллектіні белсенді қолданатын компаниялар деректерді сапалырақ талдау және басқару шешімдерін қабылдау арқылы анағұрлым артықшылықтарға ие болады.
Егер біз жасанды интеллект қолданатын компанияларды қарастыратын болсақ, онда олар бүгінгі күні басқа ұйымдарға қарағанда 20-40% өнімді жұмыс істеуде. Олар компания ішіндегі жағдайға жан-жақты қарап, сол арқылы бизнес үшін дұрыс data-driven шешімдерін әзірлей алады", - деп атап өтті Сәкен Жұмашев.
Ол ЖИ-мен жұмыс істеудің advanced-дағдыларын дамыту және озық халықаралық тәжірибелерді енгізу Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі шарттары екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы деп жариялады. Елімізде жасанды интеллект технологияларын экономиканың негізгі салаларына енгізуге бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.
***
Қазақстан Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) арқылы өңір үшін шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімді және бірегей тетігін құра алды. Бұл туралы EY компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, Шетелдік инвесторлар кеңесі инвесторлар, Үкімет пен Мемлекет басшысы арасындағы тұрақты және ашық диалогті қамтамасыз етеді, бұл компаниялардың Қазақстандағы жұмыс барысында кездесетін мәселелерін жедел талқылауға және өзара тиімді шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бұл шын мәнінде өте маңызды сәт, өйткені мұндай алаң шетелдік инвесторларға Қазақстандағы операциялық қызметі кезінде кездесетін мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді. Қазақстан тарапы күткен стратегия әзірлеу және мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау үшін қандай да бір бірлескен, екіжақты тиімді шешімдер табу", - деп атап өтті Ерлан Досымбеков.
Ол осындай бірлескен жұмыс елдің инвестициялық және бизнес ахуалын жақсартудың негізгі факторы екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 17:58 111521
Қазақстан инвестицияларды тартудың проактивті моделіне көшуде
Достарға айту
Қазақстан 2024 жылмен салыстырғанда бір позицияға көтеріліп, IMD әлемдік инвестициялық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 69 елдің ішінде 34-ші орынға ие болды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арнайы инвестициялық кеңес отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Moody’s, Standard & Poor's және Fitch халықаралық рейтинг агенттіктері инвестициялық сенімділік деңгейінде Қазақстанның тәуелсіз рейтингін тұрақты түрде растайды. IMD рейтингінде еліміз Жапония, Кувейт және Португалия елдерінен көш ілгері тұр.
Бұл ретте, Серік Жұманғарин атап өткендей, геосаяси факторларға байланысты инвестициялық белсенділіктің жаһандық төмендеуі жағдайында Қазақстан инвестициялық тартымдылықты сақтау жөніндегі саясатты дәйекті түрде жүзеге асыруда.
Бүгінде елімізде инвестициялар тартудың үш деңгейлі жүйесі: сыртқы (шетелдік мекемелер), орталық (ОМО) және аймақтық деңгейлер (ЖАО) жұмыс істейді. Fast Track ("жасыл дәліз") және "прокурорлық сүзгі" тетіктері енгізілді, өңірлік инвестициялық штабтар жұмыс істеуде, "Күрделі мәселелер мен инвесторлардың шағымдарының бірыңғай тізілімі" қалыптастырылуда. 2025 жылы 30 инвестициялық келісім жасалды.
Бизнесті қолдау шараларын кеңейту жұмыстары жалғасуда: "Өрлеу" және "Іскер аймақ" жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламалары іске қосылды, АӨК үшін салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар қолданылады, "Даму" қорының кепілдік құралдары енгізілді.
Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы өзектендірілді. Негізгі бастамалардың қатарында шетелдік инвестициялық өкілдіктер құру, Kazakhstan Investment House инвесторларын қолдау мен оларға қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық орталығын іске қосу, инвесторлар құқықтарын қорғауды күшейту және қосылған құны жоғары жобаларға назар аудару мәселелері бар.
Мемлекет экономиканың тұрақты және ұзақмерзімді өсуін қамтамасыз ете отырып, терең өңдеу және шикізаттық емес экспорт кластерлерін дамытуға баса назар аударуда.
Бұдан бөлек, ҚР Сыртқы істер министрлігі "Kazakh Invest" ұлттық компаниясымен бірлесіп, шетелдік инвестициялар тарту бойынша жұмысты жүйелі негізде күшейтуде.
Қазақстан шикізатқа тәуелділікке негізделген "пассивті" модельден инвестициялық процестің барлық кезеңін - инвесторларды нысаналы түрде тартудан бастап оларды "жүзеге асқанға дейін" және инвестициядан кейінгі сүйемелдеуді бірыңғай үйлестіре отырып, проактивті модельге дәйекті түрде көшеді. Бұл формат үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес келеді және қазірдің өзінде нәтиже беруде: елімізге миллиардтаған долларға ірі жобалар тартылды.
Жаңа тәсіл шеңберінде басым салалық бағыттар айқындалды, "Kazakh Invest" ҰК-мен шетелдік өкілдіктер желісі кеңейтілуде, task force мамандандырылған жұмыс топтары және инвестициялық жобалар мониторингінің цифрлық құралдары енгізілуде. Бұл шараларды жүзеге асыру инвестициялық саясаттың ашықтығын арттыруға және Қазақстанның жаһандық инвестициялық ортадағы ұстанымын нығайтуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.02.2026, 12:55Қазақстан ЕҚЫҰ-ның антисемитизм мен төзімсіздікке қарсы іс-қимыл жөніндегі конференциясына қатысты 16.02.2026, 13:57 24281Пусанда Қазақстан "Қалалық дипломатия желісі" форумына қатысты16.02.2026, 14:02 Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда24026Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда16.02.2026, 15:13 23766Қазақстан Мексиканың академиялық қауымдастығына конституциялық реформаларды таныстырды16.02.2026, 11:25 21251Исламабадта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарының қорытындыларына арналған конференция өтті
10.02.2026, 12:57 209941Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 209876Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 209866Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 209776Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады10.02.2026, 17:14 207876Прагада ашылған көрмеде қазақ бейнелеу өнері көрсетілді
19.01.2026, 15:15 233236Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары20.01.2026, 11:17 232576Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды20.01.2026, 10:34 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет2305212026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет20.01.2026, 21:15 223581Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр09.02.2026, 22:39 223441Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады

