13.02.2014, 19:26 10448

Нан бағасы көтерілмейді - А. Мамытбеков

Оның айтуынша, нан бағасын көтеру үшін ешқандай себеп жоқ. "Азық-түлік корпорациясында" 1,5 млн. тонна астық бар, сондықтан да қажет болған жағдайда Үкімет бағаны ұстап тұру үшін осы астықты да бөле алады", - деді министр.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда нан бағасы көтерілмейді. Бұл туралы ОКҚ брифингі барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

"Нан бағасы бойынша, Үкімет пен мемлекеттік компанияларды қазіргі бағаны сақтап тұруға барлық мүмкіндігі бар екенін толық сеніммен мәлімдеуге болады. Яғни бірінші сұрыпты нан бағасы көтерілмейді", - деді ол.

Оның айтуынша, нан бағасын көтеру үшін ешқандай себеп жоқ.

"Азық-түлік корпорациясында" 1,5 млн. тонна астық бар, сондықтан да қажет болған жағдайда Үкімет бағаны ұстап тұру үшін осы астықты да бөле алады", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны