27.09.2007, 17:31 3815

Нан бағасының өсуі мәжүбүрлік шарасы болып табылады - "Ақсай нан" директоры

Нан бағасының өсуі мәжүбүрлік шарасы болып табылады - "Ақсай нан" директоры


Алматы. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" – Нан өнімдері бағасының өсуі мәжүбүрлік шарасы болып табылады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Ақсай нан" нан комбинатының директоры Нәсима Қалиева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің кәсіпорын ұн бағасының 65 пайызға дейін көтерілуіне байланысты нан бағасын көтеруге мәжүбүр. 29-қыркүйектен бастап бөлке нанның бағасы 55 теңге болады",- деп хабарлады Нәсима Қалиева.

Нәсима Қалиеваның айтуынша, кәсіпорын күн сайын "1 млн 200 мың теңге шығын көріп отыр", себебі "нанды әлеуметтік деп аталатын бағамен сатуға" мәжүбүр. "Біз қазір шығынға ұшыраған кәсіпорын болып саналамыз. Мысалы, біздің тек ұнға қатысты қарызымыз тұрақты 30 млн теңгені құрайды",- деді ол.

Сонымен қатар, "Ақсай нанның" директоры, бағаның көтерілуі "қаланы нанмен қамтамасыз ету мақсатында өндірістік қуаттылықты" ұстап тұру үшін қажет, деп түсіндіріп өтті.

"Алматы нан" нан комбинатының вице-президенті Андрей Приходько да ұн бағасының айтарлықтай өсіп кеткендігін атап өтті. "Ұн өндірушілер астықты қымбат бағамен алғандықтан ұнды да қымбат сатып отыр",- деп атап көрсетті ол.


Алматы әкімшілігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменті директорының орынбасары Қайрат Аманжолов, "баға сауда желісі есебінен де көтеріліп отыр", деп атап көрсетті. "Негізінен бағаны ұсақ кәсіпорындар көтеруде",- деп нақталыды директордың орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны