02.10.2007, 14:58 3297

Нанның оптималды нарықтық бағасы 50 - 55 теңге болуы керек - премьер-министр

Нанның оптималды нарықтық бағасы 50 - 55 теңге болуы керек - премьер-министр

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Нанның оптималды нарықтық бағасы 50 - 55 теңге болуы керек. Дүйсенбі күні өткен үкіметтің селекторлық жиналысында премьер-министр Кәрім Мәсімов осындай пікір білдірді

"Біз бағаның (астыққа деген - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) мұндай өсуі кезінде ұн бағасы килограмына 40 теңге шамасында болуы керектігін салыстырып қарадық, ал нанның бөлшек бағасы шамамен 50 - 55 теңге мөлшерінде болуы керек", - деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

"Бұл астық бағасының өсуінің әсерінен болған қалыпты баға. Мұны біз түсінеміз", - деді К. Мәсімов. Премьердің ойынша, бағаның негізсіз көтерілуі буындардың бірінде жетекшілік және өз жағдайын пайдалану жүріп жатқанын көрсетеді.

"Біз нарықтық, либералдық үкіметпіз. Біз бағаны нарық реттеуі керек екендігін түсінеміз және мен бұнымен келісемін. Алайда, бағалар қисынсыз өсе бастаған кезде, бір жерде монополиялық жағдай пайдаланылып жатқандығы туралы мәселе туындайды", - деді ол.

Премьер соңғы екі айда нан бағасы еліміз бойынша 80 пайызға артты. Алайда, нан бағасының өсу жолы біркелкі еместігін атап өтті. "Нанның ең қымбат бағасы Алматы. Атырау, Астана, Қызылорда, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған, Шымкент, Көкшетау қалаларында байқалып отыр", - деп түсіндірді Үкімет жетекшісі.

"Негізінен үш жерде - Оңтүстік Қазақстан облысында, Қызылорда, Астана қалаларында ұн мен нан бағасының артуы еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеленеді", - деді ол.

Сонымен қатар Кәрім Мәсімов, Оңтүстік Қазақстан облысында 14 ұн кәсіпорыны мен нан пісіретін 3 ірі кәсіпорын бар. Сөйте тұра, бірінші сорт ұнының бағасы 38-ден 79 теңгеге дейін өссе, Ақмола облысында 88 ұн кәсіпорыны бар бола тұра, ұн бағасы 30-дан 65 теңгеге дейін көтерілген. Ал Алматы облысында 343 ұн кәсіпорыны жұмыс істесе де, ұн 45 теңгеден 90 теңгеге дейін жоғарылағанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны