17.02.2015, 18:04 3951

Наурыз айында Қазақстан мен Қытай 20 инвестжоба бойынша келісім орнатады

Наурыз айында Қазақстан мен Қытай 20 инвестжоба бойынша келісім орнатады, деді ОКҚ брифингінде Инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Наурыз айында Қазақстан мен Қытай 20 инвестжоба бойынша келісім орнатады, деді ОКҚ брифингінде Инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қытаймен өте ауқымды бағдарламаныӊ жұмысы жалғасуда, оныӊ көлемі 40 инвестжоба бар, соныӊ 20-ымен осы жылдыӊ наурыз айында келісім орнатпақпыз. Наурыз айында жоспарланған келісмдердіӊ көлемі 18 млрд долларды құрайды", - деді И.Исекешев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

2015 жылы министрлік жүйелік шаралардан бөлек, 2 негізгі бағытқа көӊіл бөледі.

"Бірінші - инвесторлармен келіссөздерді жалғастырамыз, олар экономика саласы бойынша екінші бесжылдықтыӊ жүзеге асырылуына қатысады. Олардыӊ саны 40 млн АҚШ долларын қамтитын 100 компания. Оныӊ 60 картада бар, ал 10-ымен инвестициялық келісім жүргізу жоспарланған", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны