12.12.2017, 18:20 7840

Наурызбай ауданында трансформатор қондырғыларыныӊ тозу көрсеткіші 70% - С.Сәйфеденов

Алматы қаласы Наурызбай ауданыныӊ басшысы Сайран Тәпенұлыныӊ Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте берген ақпаратына сүйенсек, аудан аумағында электр жарығымен қамтамасыз ететін 512 трансформатор қондырғылары бар.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматы қаласы Наурызбай ауданыныӊ басшысы Сайран Тәпенұлыныӊ Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте берген ақпаратына сүйенсек, аудан аумағында электр жарығымен қамтамасыз ететін 512 трансформатор қондырғылары бар. Оныӊ ішіндегі 138 "Алатау жарық компаниясы" АҚ теӊгерімінде, 356 жеке қолданыста, 6 трансформатор қондырғысы, 2017 жылы соттыӊ шешіміне сәйкес иесіз деп танылды.

Трансформатор қондырғыларыныӊ жағдайы бүгінгі күнде қанағаттанарлықсыз, ескірген, тозу көрсеткіші 70% құрайды. Ағымдағы жылы "Алатау жарық компаниясы" АҚ күшімен 10 трансформатор қондырғысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары 28 трансформатор қондырғысына жүргізілді және 1 трансформатор қондырғысы ауыстырылды. Сонымен қатар, аудан басшысы атап өткендей, аудан аумағындағы электр желілерініӊ ұзындығы 678,2 шақырым құрайды, оныӊ 179,4 шақырымы "Алатау жарық компаниясы" АҚ теӊгеріміне, 498,8 шақырым жеке қолданыста. Электр желілерініӊ тозу көрсеткіші 63% құрайды. Электр желілерінде орын алатын іркілістерді төмендету мақсатында "Алатау жарық компаниясы" АҚ күшімен 1162 электр бағандары қайта құрылымдалып, ұзындығы 12,022 шақырым электр желілері жүргізілгені жайлы және басқа да тыӊ ақпараттармен бөлісті аудан әкімі Сайран Сәйфеденов өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны