02.04.2008, 18:41 3542

Наурызда елдің халықаралық резервтері 1,8% өскен

Наурызда елдің халықаралық резервтері 1,8% өскен

Алматы. 2-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Наурызда елдің халықаралық резервтері 1,8% өскен, деп хабарлайды агенттік ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 23 122,4 млн. долл.) 42 386,9 млн. доллар болып, өткен аймен салыстырғанда 1,8% өскен".

2008 жылғы наурызда Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 1,2 %-ға (немесе 221,9 млн. долларға) өсті.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу бойынша операциялар, үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуі үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуімен ішінара бейтараптандырылды.

Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 300,4 млн. долл. ұлғайды, әлемдік нарықтардағы бағасының 3,3% төмендеуі нәтижесінде алтындағы активтер 78,5 млн. долл. азайды.

Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің азаюы 2008 жылғы наурызда ақша базасының 0,04%-ға (немесе 606,1 млн. теңгеге) аздап тарылуына себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны