06.04.2011, 18:18 4296

Наурызда Қазақстанның алтынвалюта қоры 3,9 пайызға өскен

Наурызда Қазақстанның алтынвалюта қоры 3,9 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 6 - сәуір. Kazakhstan Today - Наурызда Қазақстанның алтынвалюта қоры 3,9 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, наурыз айында еліміздің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда 3,9 пайызға өсіп, 69 миллиард долларды құраған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Бас банкирдің айтуынша, наурызда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 5,3 пайызға немесе 34,6 миллиардқа дейін ұлғайды. Ол жыл басынан бері жалпы 25 пайызға өсіп отыр. Таза валюта активтері де 5,9 пайызға өсіп, алтындағы активтер 0,8 пайызға төмендеді.

"Наурызда ақша базасы 6,8 пайызға кеңейіп, 2810,2 млрд. теңге болды", - дейді Григорий Марченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны