19.06.2009, 17:41 2969

Назарбаев президент әкімшілігі мен үкіметке әкімдерді тиімділік көрсеткіштері бойынша бағалаудың рейтингтік жүйесін жасауды тапсырды

Назарбаев президент әкімшілігі мен үкіметке әкімдерді тиімділік көрсеткіштері бойынша бағалаудың рейтингтік жүйесін жасауды тапсырды

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігі мен үкіметке әкімдерді тиімділік көрсеткіштері бойынша бағалаудың рейтингтік жүйесін жасауды және осы жөнінде өзіне тоқсан сайын есеп беріп отыруды тапсырды. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде аймақтық инвестициялық форум барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мен президент әкімшілігі мен үкіметке әкімдерді тиімділік көрсеткіштері бойынша бағалаудың рейтингтік жүйесін жасауды және осы жөнінде өзіме тоқсан сайын есеп беріп отыруды тапсырамын", - деді Н. Назарбаев.

"Менің пайымдауымша, әкімдердің жұмысының тиімділігін дәлелдейтін шешуші көрсеткіштерге тартылған инвестициялар көлемі, әсіресе тікелей шетелдік инвестициялар көлемі; құрылған жаңа өндірістердің саны; өндіріске енгізілген инновациялық жаңалықтардың саны; өнім экспортының өсімі мен ішкі өндірістегі Қазақстандық үлестің артуы және басқа да көрсеткіштер жатуға тиіс", - деді ол.

"Елді қарқынды индустрияландырудың бес жылдық бағдарламасын жүзеге асыруда жергілікті атқарушы билікке шешуші рөл жүктеледі. Икімдер жергілікті жердегі жағдайды жақсы біледі, барлық өкілеттіліктер солардың қолында, ең бастысы, индустрияландыру саясатын жүзеге асыруға қажетті ресурстар мен тиісті тетіктер де солардың қарамағында. Сол себепті барлық деңгейдегі әкімдер индустриялық бағдарламаны іске асырушы әрі үйлестіруші басты тұлғаларға айналуға тиіс, олар Индустрия және сауда министрлігімен және даму институттарымен бірлесе бір ырғақты жұмыс жүргізуге тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Қазақстан президентінің пайымдауынша, жергілікті билік жоғарғы жақтан берілген жоспарларды жүзеге асыру жайлы ғана ойлаумен шектелмей, өз беттерімен де бастама көтеріп, шаруаны өз мойындарына жүктеп алуға тиіс. "Өңірдің экономикалық дамуын айқындықпен жоспарлап, облыстағы өндіріс орындарын елдегі жалпы стратегияға сабақтастыра тиімді орналастыру қажет", - деді президент.

Осыған байланысты президент әкімдердің жұмысындағы бірқатар басым бағыттарды белгілеп берді. Атап айтсақ, президенттің пікірінше, "әкімдер әртараптандыру мақсатында өздеріне сеніп тапсырылған табиғи және өндірістік ресурстарды, соның ішінде әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорацияларды да сауаттылықпен және тиімді басқаруы қажет. Қазір пайдаланылмай отырған өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер, табиғи пайдалы қазба кеніштері жаңа өндірістерді дамыту жөніндегі айқын мақсатқа сәйкес экономикалық айналымға енгізілуге тиіс", - деді ол.

"Сіздер бизнестің пайдасына барлық инфрақұрылымдық мәселелерді жоюға тиіссіздер. Оған инженерлік, транспорттық, коммуникациялық және энергетикалық логистика жатады. Бизнеске өздеріне қажетті инфрақұрылымға қол жеткізуден жасанды жолмен шектеу немесе олардың мүлдем жоқ болуына жол беруге болмайды деп санаймын. Бұл мәселе де бес жылдық жоспар аясында орталық атқарушы билік органдары үшін басымдықта болуға тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "әкімдер экономиканы кәсіби білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге үлкен белсенділікпен кірісуге тиіс. Бұл жерде әкімдер бірінші кезекте кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін дамытуға барынша назар аударуға тиіс".

"Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың аясында аймақтық Жоғары оқу орындары мен Ғылыми-зерттеу институттарының базасында өнеркәсіптік инновацияларға деген сұраныс, оларды ойлап табу мен өндіріске енгізудің тиімді жүйесін құру қажет. Халықаралық деңгейдегі ірі корпорациялар, атап айтсақ, ENRC, "Миттал Стил", "Қазмырыш", "Қазақмыс", "Қазатомөнеркәсіп", "Титан-магний комбинаты" секілді корпорациялар жаңаша инновациялық технологиялық шешімдерге тұрақты зәру. Бұл өңірдегі инженерлік және ғылыми мамандарды жұмылдыруға, шағын және орта бизнесте ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструктолық жұмыстарды дамытуға ынталандыратын басты арқау- негіз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, "өңір басшылары инвестициялық саясатты белсенді жүргізіп, жаңа инвестициялар тартуға, инвестициялық процестерді жоспарлауға, инвестициялық бастамаларлы бағыттап отыруға, инвесторлар қызығушылық танытқан жобаларды белсенділікпен ілгерілете түсуге тиіс. Ирбір нақты инвестициялық жоба сөзбұйдаға салынбай жедел жүзеге асырылуға тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Президент Индустрия және сауда министрлігіне барлық жоғарыда аталған мәселелер бойынша жалпыға ортақ көзқарастар мен әдістемелерді ойластырып, жергілікті атқарушы билік органдарымен етене жақын ықпалдасуды тапсырды. "Даму институттары мен әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациялар әкімдерге бұл істе жәрдемдесуге тиіс", - деді ол.

"Ендігі жерде әкімдердің есебін тыңдай отырып, сіздердің қызметтеріңізге индустриялық-инновациялық салада қол жеткізген нақты нәтижелеріңізге сәйкес баға беретін боламын", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны