06.03.2008, 16:18 3404

Назарбаев Украинаға Қазақстанда машина жасау саласында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды

Назарбаев Украинаға Қазақстанда машина жасау саласында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға көлік және ауыл шаруашылығы машиналарының өндірісін жолға қоюды ұсынды. Украина президенті Виктор Ющенкомен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында ол осындай ұсыныс тастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Украинаға көліктік машина жасауды дамытуға атсалысуға шақырдық. Ауыл шаруашылығының техникасын шығаруда да осындай ұсынысымыз бар. Украинада бұл сала жақсы дамыған. Соңғы жылдары біздің ауыл шаруашылық кәсіпкерлеріміз Украинаның 300 ауылшаруашылық техникасын алды. Қазақстан осы техниканы өндіру, жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады", - деді Н. Назарбаев.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Украина арасындағы екі жақты тауар айналымы 2007 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 64 пайызға өсіп 2,6 млрд АҚШ долларын құраған. Оның ішіндегі Қазақстан экспорты 1,1 млрд. Оның құрылымының мұнай және мұнай өнімдері, металлургия өнімдері, машина және жабдықтар, агроөнеркәсіп өнімі басым бөлігін құрайды. Украина импорты 1,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл машина және құралдар, металлургия, тамақ, химия, құрылыс және өңдеу салаларының өнімдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны