14.05.2013, 14:06 5799

Негізгі астық өсіруші аймақтар көктемгі егіс науқанына кірісті

Республика бойынша шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдар тарапынан көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге "ҚазАгро" еншісіне кіретін қаржыландырушы компанияларға жалпы сомасы 67,5 млрд теңгеден астамды құрайтын 3,5 мыңнан астам өтініш түскен.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Негізгі астық өсіруші аймақтар көктемгі егіс науқанына кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАгро" ұлттық холдингінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Республика бойынша шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдар тарапынан көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге "ҚазАгро" еншісіне кіретін қаржыландырушы компанияларға жалпы сомасы 67,5 млрд теңгеден астамды құрайтын 3,5 мыңнан астам өтініш түскен. Холдингтің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта келіп түскен сұраныстың шамамен 51 млрд теңгені құрайтын 2,7 мың өтінішін қаржыландыру қанағаттандырылған. Соған орай, 44,5 млрд теңгеге жуық қаражат шаруашылықтарға бөлінген.

Тоқтала кететін жайт, 2013 жылы егіс науқанын жүргізу аясында "ҚазАгро" ұлттық холдингі барлық қаржы көздерінен 78,3 млрд теңге сомаға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіретін болады. Бұдан бөлек, лизинг арқылы шаруашылықтарды қаржыландыруға 9,5 млрд. теңге бөлу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны