16.05.2014, 20:59 3331

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2014 жылы 2,1%-ға өсті - Статагенттігі

Сонымен қатар, 2014 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығындағы өнім мен қызметтің жалпы көлемі 315,6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,6% артқан.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2013 жылдың қаңтар-сәуір айларына қарағанда 2,1 пайызға артып, 1319,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін 2014 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Алихан Смайылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2014 жылдың қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың осы уақыт аралығындағы көрсеткіштің 102,7%-ын құрайды. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2013 жылдың қаңтар-сәуір айларына қарағанда 2,1 пайызға артып, 1319,4 млрд теңгені құраған.

"2014 жылдың алғашқы төрт айындағы өнеркәсіп өнімдері көлемі қазіргі бағасымен алғанда 6076,1 млрд теңгені құрап, 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 0,1% азайған. Бұл өз кезегінде тау-кен өндірісінің 0,3 пайызға төмендеуіне байланысты. Ал өңдеуші өнеркәсіпте өнімділік 0,1%-ға артты. Электрмен қамтамасыз ету, көгілдір отынмен қамту 1,4% төмендеді", - деді ол.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығындағы өнім мен қызметтің жалпы көлемі 315,6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,6% артқан.

"Транспорт" саласы бойынша қызмет көлемі 4 айда 7% артып, "Байланыс" саласында 10,4%, "Саудада" 10% көбейді", - дейді А.Смайылов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны