23.01.2009, 14:30 1950

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2008 жылы 4,6%-ға өсті - индустрия және сауда министрі

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2008 жылы 4,6%-ға өсті - индустрия және сауда министрі

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2008 жылы 4,6%-ға өсіп, 3,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін мекемеде өткен алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2008 жылы 4,6%-ға өсіп, 3,8 трлн теңгені құрады ", - деді В.Школьник.

Оның айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көрсеткіштері де ұлғайған.

"2008 жылы 10,2 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғы осы мерзімдегіден 2,1% артық", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны