Система Orphus

Неміс кәсіпкерлеріне Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу жөнінде ұсыныс жасалды

16.09.2011, 14:16 1343

Астана. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары неміс кәсіпкерлеріне Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Парламент мәжлісінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ромин МИДИНОВ Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының депутаты, ХДС/ХСС фракциясының азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Петер БЛЕЗЕР бастаған делегациямен кездескен.

Тараптар басқосуда екі мемлекеттің ауыл шаруашылық саласын дамыту мен азық-түлік бағдарламасы және соларға арнап жасалатын заңдар жайында ой бөлісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны