02.10.2008, 18:24 5860

Нигерия Федеративті Республикасы көлік және коммуникация саласы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтудан мүдделі - Нигерия елшісі

Нигерия Федеративті Республикасы көлік және коммуникация саласы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтудан мүдделі - Нигерия елшісі

Астана. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Нигерия Федеративті Республикасы көлік және коммуникация саласы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтудан мүдделі. Бұл туралы Нигерия Федеративті Республикасының Иран Ислам Республикасындағы және Қазақстандағы елшісі Абубакир Сика еліміздің Көлік және Коммуникация министрлігінің стратегиялық жоспарлау мен халықаралық қатынастар департаменті директоры Салтанат Рахимбековамен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елші екі елдің геосаяси орналасуы ұқсас екендігін, маңызды халықаралық көліктік дәліздердің қиылысында орналасқандығын атап көрсетті. Нигерия мемлекеті көлік коммуникациясын, әсіресе темір жол саласын дамытуға ұмтылуда.

Еліміздің көлік және коммуникация министрлігінің жүзеге асырып жатқан концессиялық жобаларына, темір жолдың салыну барысына, инвестицияларды тарту жайына елші қызығушылық танытты.

С.Рақымбекова өз кезегінде қонақтарды Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көліктік стратегияның негізгі даму бағыттарымен, таяуда ғана өткен "Трансевразия 2008" халықаралық конференция аясында ұсынылған инвестициялық жобалармен таныстырып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны