04.01.2008, 15:20 1898

Никельдің әлемдік нарықтағы бағасы қайта көтерілді

Никельдің әлемдік нарықтағы бағасы қайта көтерілді

Алматы. 4-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Никельдің әлемдік нарықтағы бағасы қайта көтерілді, деп хабарлайды сарапшылар.

Никельдің соңғы айлардағы орташа айлық бағасының төмендегендігіне қарамастан, 2007 жылды әлемдік никель индустриясы үшін табысты жыл болды деп атауға болады. Никельдің орташа жылдық бағасы 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 53 пайызға өскен.

Соңғы бірнеше жылда 2007 жылы алғаш рет никельдің әлемдік тұтыну деңгейі төмендегені рас, және де оған никельдің өте қымбат болуы салдарынан тот баспайтын болатты шығарудың төмендегені себеп болды. Сонымен қатар, биылғы жылы никельді тұтыну деңгейі өсе бастады, осыған байланысты оның бағасы да шарықтамақ, бұл 2008 жылдың қаңтар айының алғашқы күндерінде-ақ белгілі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны