15.02.2012, 12:03 3793

Нұрбанк басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

Нұрбанк директорлар кеңесінің отырысында қабылданған шешімге сәйкес, Қазақстандық коммерциялық Нұрбанк басқармасының жаңа төрағасы болып Мұхтар Ыдырысов сайланған.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Нұрбанк басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы аталмыш банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрбанк директорлар кеңесінің отырысында қабылданған шешімге сәйкес, Қазақстандық коммерциялық Нұрбанк басқармасының жаңа төрағасы болып Мұхтар Ыдырысов сайланған.

М.Ыдырысов ресми түрде бұл қызметке 2012 жылы 13-ақпан күні кірісті.

Баспасөз қызметінен атап өтілгендей, жаңа төрағаның басшылық етуімен "Нұрбанктің" жұмыс істеу қағидалары өзгермейді және мөлдірлік, кәсібилікке негізделмек.

Бұл кезге дейін "Нұрбанк" АҚ төрағасының міндетін Ришат Жақанбаев атқарып келген болатын.

Банктің мажоритарлы акционерінің үлесі 68,56%, ол Софья Сәрсеноваға тиесілі. Ресми емес ақпаратқа қарағанда, С.Сәрсенова "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының бұрынғы жетекшісі Рашит Сәрсеновтың әкпесі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны