14.06.2007, 16:36 3321

"Нұрбанк" жарғылық капиталын 95,2 млн АҚШ долларына өсіреді

АЛМАТЫ. 14 - маусым. Kazakhstan Today. "Нұрбанк" жарғылық капиталын 95,2 млн АҚШ долларына өсіреді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, бүгінгі күнде банктің жарғылық капиталы 8,6 млрд теңгеге (70,6 млн АҚШ долларын) өскен, ал келесі аптада оны тағы 3 млрд теңгеге (24,6 млн АҚШ долларына) өсіру жоспарлануда. Сөйтіп, жарғылық капитал барлығы 11,6 млрд теңгеге (95,2 млн АҚШ долларына) өседі.

2007 жылдың 1-мамырында "Нұрбанк" АҚ жиынтық жеке капиталы 25,8 млрд теңгеге (211,8 млн АҚШ долларына), соның ішінде жарғылық капиталы - 15,4 млрд теңгеге (126,4 млн АҚШ долларына) жеткен.

2006 жылдағы "Нұрбанк" АҚ таза табысы 2,06 млрд теңгені (16,9 млн АҚШ долларын) құраған, ал үстіміздегі жылдың үш айында банк 1,2 млрд теңге (9,8 млн АҚШ долларын) көлемінде таза табыс тапқан, оны банк акционерлері бизнесті одан әрі дамытуға жұмсамақ.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 12-маусымында Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі өзінің №160 қаулысымен "Нұрбанктің" ірі қатысушысы мәртебесін Дариға Назарбаева мен Нұрәли Илиевтің бірлесе алуына келісім берген.

"Осының бәрі банктің қалыпты тәртіппен жұмыс істеп қана қоймай, ойдағыдай және жоспарлы дамуды мұрат тұтқанының дәлелі",- деп атап көрсетті Нұрәли Илиев. "Банктің қаржылық қауқарсыздығы туралы таралған барлық жағымсыз дақпырттардың еш негізі жоқ. Қазір банкте Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігіның тексеруі жүріп жатыр. Олардың есебіне сәйкес "Нұрбанк" АҚ барлық пруденциялық және басқа да нормативтерді толық сақтайды, және де бақылаушы органдар ешқандай заң бұзушылықтарды анықтамады",- деп мәлім етті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны