12.12.2016, 15:46 4669

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бірыӊғай үлгіде Жеке тұрғын үй құрылысыныӊ шағын аудандарын салу жоспарлануда

Жоспарға сай, "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ нәтижесінде 1,5 млн. астам тұрғын үй, соныӊ ішінде 2017-2019 жылдары 274 мыӊнан астам тұрғын үй салынатын болады.

Астана. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үкімет мәжілісі барысында тұрғын үй құрылысы саласындағы барлық ресурстарды біріктірген "Нұрлы жер" бағдарламасы тұжырымдамасын таныстырды.

Министр атап өткендей, тұжырымдаманыӊ басым бағыттары: ипотекалық қарыздарды субсидиялау арқылы ипотекалық несие беруді қолдау; құрылыс компаниялары үшін қарыз мөлшерлемесініӊ бір бөлігін жабу жолымен жеке құрылыс салушыларды ынталандыру; Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшылары және әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін "револьверлік" қағидаты бойынша несиелік тұрғын үй құрылысыныӊ көлемін ұлғайту; халықтыӊәлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдіӊөӊірлік қорын құру; қажетті инфрақұрылым жүргізу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

Бишімбаев ЖТҚ (Жеке тұрғын үй құрылысын) дамыту үшін облыс орталықтарында жаӊа пилоттық тәсілді қолдануды ұсынды.

"Оныӊ негізгі міндеттері мынадай:бірыӊғай құрылыс салушы арқылы бірыӊғай сәулеттік үлгіде жеке тұрғын үй салу; ҮҚК технологияларын қолдану арқылы тұрғын үй құныныӊ қолжетімділін қамтамасыз ету; кезекте тұрған азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеӊілдікпен қарыз беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын қаржыландыру", - деді министр.

ЖТҚ шағын ауданына бірыӊғай сәулеттік үлгі беру үшін ҮҚК технологияларын қолдану жолымен бірыӊғай құрылыс салушы арқылы үй құрылысын жүргізу ұсынылады.

"Пилоттық жобаға қатысушы кезекте тұрған азаматтар жер учаскесімен бірге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілген дайын үйді өздері сатып алуға немесе оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алуға құқылы. Бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жеке және қарыз қаражаттары есебінен 70 млрд. теӊгеге дейін қарыз беруге дайын", - деді Бишімбаев.

Түпкілікті қарыз алушыныӊ қарыз бойынша сыйақысыныӊ мөлшерін 5%-ға дейін төмендету үшін мемлекет ипотекалық несиелеуді қолдау бағытыныӊ аясында сыйақы құныныӊ 7%-ына дейін субсидия беретін болады (ҚИК арқылы).Осы тәсіл бойынша кезекте тұрған адам үшін ай сайынғы төлем алғашқы 5 жылда 70 мыӊ теӊгені, кейінгі 10 жылда 56 мыӊ теӊгені құрайтын болады. Аталған шаралар бізге жыл сайын шамамен 40 мыӊ дербес үй (4 млн. шаршы метр) салуға мүмкіндік береді.

"Бұдан басқа, бағдарлама аясында азаматтарға бастапқы үй сатып алуға екінші деӊгейлі банктер беретін ипотеканыӊ пайыздық ставкасыныӊ бір бөлігін мемлекеттіӊ субсидиялауы арқылы халықтыӊ сұранысын ынталандыру көзделіп отыр", - деді Бишімбаев.

Банктіӊ сыйақы ставкасын жеті жыл бойы жылына 17%-дан артық емес мөлшерде субсидиялау болжануда. Түпкілікті қарыз алушыныӊ ипотекасын 10%-ға дейін төмендету үшін мемлекет сыйақы құныныӊ 7%-на дейін жабуды қамтамасыз ететін болады. Субсидия қаражатын тиімді пайдалану үшін Астана және Алматы қалаларындағы халыққа несие берудіӊ шекті сомасы 20 млн. теӊгеге және өӊірлерде 15 млн. теӊгеге дейін 15 жыл мерзімге белгіленетін болады. Осындай шартпен ипотека беру кезінде несие бойынша ай сайынғы орташа төлем Астана және Алматы қалаларында 158 мыӊ теӊге, өӊірлерде 116 мыӊ теӊге болады.

Жоспарға сай, "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ нәтижесінде 1,5 млн. астам тұрғын үй, соныӊ ішінде 2017-2019 жылдары 274 мыӊнан астам тұрғын үй салынатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны