12.12.2016, 15:51 4100

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ нәтижесінде 1,5 млн. астам тұрғын үй салынады

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үкімет мәжілісі барысында тұрғын үй құрылысы саласындағы барлық ресурстарды біріктірген "Нұрлы жер" бағдарламасы тұжырымдамасын таныстырды.

Астана. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Бишімбаев қазақстандықтардыӊ "пәтер мәселесін" "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қалай шеше алатынын айтты.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үкімет мәжілісі барысында тұрғын үй құрылысы саласындағы барлық ресурстарды біріктірген "Нұрлы жер" бағдарламасы тұжырымдамасын таныстырды.

Министр атап өткендей, тұжырымдаманыӊ басым бағыттары: ипотекалыққарыздарды субсидиялау арқылы ипотекалық несие беруді қолдау;құрылыс компаниялары үшін қарыз мөлшерлемесініӊ бір бөлігін жабу жолымен жеке құрылыс салушыларды ынталандыру;Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшылары және әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін "револьверлік" қағидаты бойынша несиелік тұрғын үй құрылысыныӊ көлемін ұлғайту; халықтыӊәлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдіӊөӊірлік қорын құру; қажетті инфрақұрылым жүргізу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

"Ипотекалық несиелеу нарығын жандандыру мақсатында азаматтарға бастапқы үй сатып алуға екінші деӊгейлі банктер беретін ипотеканыӊ пайыздық ставкасыныӊ бір бөлігін мемлекеттіӊ субсидиялауы арқылы халықтыӊ сұранысын ынталандыру көзделіп отыр", - деді Бишімбаев.

Банктіӊ сыйақы ставкасын жеті жыл бойы жылына 17%-дан артық емес мөлшерде субсидиялау болжануда. Түпкілікті қарыз алушыныӊ ипотекасын 10%-ға дейін төмендету үшін мемлекет сыйақы құныныӊ 7%-на дейін жабуды қамтамасыз ететін болады.Субсидияқаражатын тиімді пайдалану үшін Астана және Алматы қалаларындағы халыққа несие берудіӊ шекті сомасы 20 млн. теӊгеге және өӊірлерде15 млн. теӊгеге дейін 15 жыл мерзімге белгіленетін болады.Осындай шартпен ипотека беру кезінде несие бойынша ай сайынғы орташа төлем Астана және Алматы қалаларында 158 мыӊ теӊге, өӊірлерде 116 мыӊ теӊге болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшыларын және әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарды несиелік тұрғын үймен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында бұрын бөлінген қаражат есебінен "револьверлік" қағидаты бойынша несиелік тұрғын үй салу жалғасатын болады. Жоспарға сай, 15 жыл ішінде 14,7млн. шаршы метр несиелік тұрғын үй салынады, бұл 245 мыӊ отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

Министрдіӊ айтуына қарағанда, ИКИ жүргізуге жыл сайын 80 млрд. теӊге бөлу ұсынылады, оныӊ 50 млрд. теӊгесі көп пәтерлі тұрғын үйлердіӊқұрылысына ИКИ жүргізуге және 30 млрд. теӊгесі ЖТҚ құрылысына жұмсалады.

ЖТҚ-ны дамыту үшін облысорталықтарында жаӊа пилоттық тәсілді қолдану ұсынылады, оныӊ негізгі міндеттері мынадай:бірыӊғай құрылыс салушы арқылы бірыӊғай сәулеттік үлгіде жеке тұрғын үй салу; ҮҚК технологияларын қолдану арқылы тұрғын үй құныныӊқолжетімділін қамтамасыз ету;кезекте тұрған азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеӊілдікпен қарыз беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

"Пилоттық жобаға қатысушы кезекте тұрған азаматтар жер учаскесімен бірге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілген дайын үйді өздері сатып алуға немесе оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алуға құқылы", - деді Бишімбаев.

Жоспарға сай, "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ нәтижесінде 1,5 млн. астам тұрғын үй, соныӊ ішінде 2017-2019 жылдары 274 мыӊнан астам тұрғын үй салынатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны