03.12.2018, 22:23 10817

"Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында пәтер сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне 1 млн теӊге жинау жеткілікті

Қазір аймақтыӊ 54 785 тұрғыны баспана алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, қаражат жинап жатыр. Олар да алдағы уақытта қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып ала алады. 2019 жылы өӊірде "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында 1 500 пәтер сатылады.

Қостанай. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қолжетімді бағамен берілетін жаӊа пәтерлерді Қостанай облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) салымшылары банк шотына бастапқы жарна ретінде үй бағасыныӊ 20%-ын жинау арқылы сатып ала алды. Оларға банк жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеӊілдетілген несие ұсынып, пәтер иесі атануға көмектесті.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына арналған үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында "Аэропорт" ықшамауданында салынған. 1 шаршы метрініӊ бағасы - 140 000 теӊге. Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар үшін бір бөлмелі пәтердіӊ орташа бағасы 5,5 млн теӊгені құрайды. Яғни мұндай үй аламын деген клиенттерге бастапқы жарна ретінде банктегі шоттарына 1,1 млн теӊге жинау жеткілікті болды.

Қостанай облысыныӊ әкімі Архимед Мұхамбетов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымыныӊ орынбасары Нұрлан Ақшанов аймақ тұрғындарын мерекемен және қоныс тойларымен құттықтады.

- Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларыныӊ басты арманы орындалды - олар өз пәтерлеріне қол жеткізді. Баспаналы болған клиенттеріміз жаӊа мектептер, балабақшалар және спорт кешендері салынып жатқан жайлы аймақта тұратын болады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ қолжетімді өнімдерініӊ арқасында мүмкін болып отыр. Осы жылдыӊ 11 айындағы банктіӊ жалпы қазақстандық ипотекадағы үлесі 63%-ды құрайды. Барлығы 34 000 қазақстандық отбасы баспана иесі атанды, олардыӊ 7000-нан астамы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында үйлі болды. Жыл соӊына дейін әлі талай клиентіміз қоныс тойын атап өтетін болады. Елдегі еӊ басты әлеуметтік мәселе - азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді тиімді жолмен шешудіӊ айқын мысалы - осы, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымыныӊ орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Жаӊа үйге қол жеткізген жандардыӊ арасында банк салымшысы Исемгүл Андрийчук те бар. Ол отбасымен бірге жаӊа екі бөлмелі пәтерге ертеӊ көшіп кіруге дайын. Баспана алу үшін салымшы 4 жыл қаражат жинап, үй бағасыныӊ 50%-на теӊ соманыӊ басын құраған. Жетпейтін соманы Қостанай тұрғыны жылдық мөлшерлемесі 4,5% болатын заем түрінде алған.

- Бұл - біз үшін үлкен жетістік, өміріміздегі еӊ елеулі сәттердіӊ бірі, қуанышымызда шек жоқ. Банк несиені 7 жылға берді, ай сайынғы төлем сомасы 53 мыӊ теӊгені құрайды. Мұндай ақшаға қазір қаладан бір бөлмелі пәтер де жалдай алмайсыӊ. Бұрын қаланыӊ сыртында тұратын едік. Жұмысқа жету үшін күн сайын тек бір бағытта 40 шақырым жол жүріп өтетінбіз. Жаӊа үй өмірімізді өзгертетін болды, - деп әсерімен бөлісті Исемгүл Андрийчук.

Банк салымшыларына арналған пәтерлер таза әрлеуде беріліп отыр. Мұнда керілмелі төбелер, линолеум, сапалы сантехника бар, жылу есептегіштері мен шаз шығуын бақылайтын құрылғылар орнатылған.

Қазір аймақтыӊ 54 785 тұрғыны баспана алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, қаражат жинап жатыр. Олар да алдағы уақытта қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып ала алады. 2019 жылы өӊірде "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында 1 500 пәтер сатылады. Өтінім қабылдау туралы ақпаратты банктіӊ Baspana.kz порталынан білуге болады.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны