12.12.2016, 15:56 4208

"Нұрлы Жер" жүзеге асырылатын жылдары 1,5 млн отбасы тұрғын үй мәселесін шеше алады

Министрдіӊ айтуына қарағанда, жыл сайын 80 млрд. теӊге бөлу ұсынылады, оныӊ 50 млрд. теӊгесі көп пәтерлі тұрғын үйлердіӊ құрылысына ИКИ жүргізуге және 30 млрд. теӊгесі ЖТҚ құрылысына жұмсалады.

Астана. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үкімет мәжілісі барысында Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысы саласындағы барлық ресурстарды біріктіру бойынша әзірленген "Нұрлы жер" бағдарламасы тұжырымдамасын таныстырды.

Министр атап өткендей, тұжырымдаманыӊ басым бағыттары: ипотекалық қарыздарды субсидиялау арқылы ипотекалық несие беруді қолдау; құрылыс компаниялары үшін қарыз мөлшерлемесініӊ бір бөлігін жабу жолымен жеке құрылыс салушыларды ынталандыру; Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшылары және әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін "револьверлік" қағидаты бойынша несиелік тұрғын үй құрылысыныӊ көлемін ұлғайту; халықтыӊәлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдіӊөӊірлік қорын құру; қажетті инфрақұрылым жүргізу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

"Ипотекалық несиелеу нарығын жандандыру мақсатында азаматтарға бастапқы үй сатып алуға екінші деӊгейлі банктер беретін ипотеканыӊ пайыздық ставкасыныӊ бір бөлігін мемлекеттіӊ субсидиялауы арқылы халықтыӊ сұранысын ынталандыру көзделіп отыр", - деді Бишімбаев.

Банктіӊ сыйақы ставкасын жеті жыл бойы жылына 17%-дан артық емес мөлшерде субсидиялау болжануда. Түпкілікті қарыз алушыныӊ ипотекасын 10%-ға дейін төмендету үшін мемлекет сыйақы құныныӊ 7%-на дейін жабуды қамтамасыз ететін болады. Субсидия қаражатын тиімді пайдалану үшін Астана және Алматы қалаларындағы халыққа несие берудіӊ шекті сомасы 20 млн. теӊгеге және өӊірлерде 15 млн. теӊгеге дейін 15 жыл мерзімге белгіленетін болады.

"Сондай-ақ, жеке үй салушылардыӊ қолжетімді несие ресурстарын пайдалануын ынталандыру үшін банктер беретін несиеніӊ пайыздық ставкасыныӊ бір бөлігін мемлекет субсидиялайтын болады", - деді Бишімбаев.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшыларын және әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарды несиелік тұрғын үймен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында бұрын бөлінген қаражат есебінен "револьверлік" қағидаты бойынша несиелік тұрғын үй салу жалғасатын болады

Жоспарға сай, 15 жылда 14,7 млн шаршы метр несиелік үй салынып, 245 мыӊ отбасы баспанамен қамтылатын болады.

"Өӊірлерде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй қорын құру үшін 2017 жылдан бастап республика бойынша жыл сайын 25 млрд. теӊге бөлу жоспарланған. Салынған жалға берілетін тұрғын үйлер ЖАО кезегінде тұрған халықтыӊ әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған", - деді Бишімбаев.

15 жылдыӊ ішінде Жалға берілетін тұрғын үй қоры бағдарламасын жүзеге асыру 45 мыӊ пәтерді немесе 2,2 млн. шаршы метр тұрғын үйді құрайды.

Министрдіӊ айтуына қарағанда, жыл сайын 80 млрд. теӊге бөлу ұсынылады, оныӊ 50 млрд. теӊгесі көп пәтерлі тұрғын үйлердіӊ құрылысына ИКИ жүргізуге және 30 млрд. теӊгесі ЖТҚ құрылысына жұмсалады.

ЖТҚ-ны дамыту үшін облыс орталықтарында жаӊа пилоттық тәсілді қолдану ұсынылады, оныӊ негізгі міндеттері мынадай: бірыӊғай құрылыс салушы арқылы бірыӊғай сәулеттік үлгіде жеке тұрғын үй салу; ҮҚК технологияларын қолдану арқылы тұрғын үй құныныӊ қолжетімділін қамтамасыз ету; кезекте тұрған азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеӊілдікпен қарыз беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

"Пилоттық жобаға қатысушы кезекте тұрған азаматтар жер учаскесімен бірге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілген дайын үйді өздері сатып алуға немесе оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алуға құқылы", - деді Бишімбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны