15.09.2016, 10:48 2738

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Ақмола облысында 2,5 млрд теӊгеніӊ жобасы іске асырылды

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Ақмола облысында 2,5 млрд теӊгеніӊ жобасы іске асырылды және 1 млрд теӊгеніӊ қазандығы салынды, деп хабарлады облыстыӊ ішкі саясат басқармасы.

Ақтөбе. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Ақмола облысында 2,5 млрд теӊгеніӊ жобасы іске асырылды және 1 млрд теӊгеніӊ қазандығы салынды, деп хабарлады облыстыӊ ішкі саясат басқармасы.

Көкшетау қаласыныӊ Красный Яр ауылында жаӊа қазандық пайдалануға берілді, оныӊ құрылысына "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша шамамен 1 миллиард теӊге бөлінді.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама бойынша Қопа көлініӊ маӊында жылу трассасы жасалды. Осы мақсаттардыӊ бәріне 2,5 млрд теӊге бөлінген.

ІСБ атап өткендей, Көкшетау қаласыныӊ қазандық шаруашылығы алда болатын жылыту маусымына жақсы дайындалған.

ТМ2 жылу магистраліне қайта жөндеу жұмыстары жасалынды. Бұл магистральмен Көкшетаудыӊ 40 пайыз тұтынушысы жылу энергиясын алады.

"Жылу маусымына дайындық кезінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары жылдам жұмыс жасады",-делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны