05.10.2016, 10:25 4344

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасыныӊ шеӊберіндегі жобаларды іске асыруға 2016 жылы 349,7 млрд. теӊге бөлінді

2016 жылы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасыныӊ шеӊберінде осы жобаларды іске асыруға 349,7 млрд. теӊге бөлінді, оныӊ ішінде 171,3 млрд.теӊге Ұлттық қордан бөлінді.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасыныӊ шеӊберіндегі жобаларды іске асыруға 2016 жылы 349,7 млрд. теӊге бөлінді.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған 5 қазандағы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Министрліктіӊ мәліметінше, "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде 17 жобаны іске асыру көзделген, оныӊ ішінде 16 жоба көлік саласында (автомобиль жолдары саласында - 11 жоба, темір жол саласында - 2 жоба, су, азаматтық авиация, және логистика салаларында - 1 жоба), сондай-ақ несиелік тұрғын үй және үлестік салымдарды қорғау мәселелері бойынша - 1 жоба.

2016 жылы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасыныӊ шеӊберінде осы жобаларды іске асыруға 349,7 млрд. теӊге бөлінді, оныӊ ішінде 171,3 млрд.теӊге Ұлттық қордан бөлінді. Бүгінгі күні 64 % - 222,7 млрд. теӊге игерді, оныӊ ішінде Ұлттық қордан - 116,9 млрд. теӊге (52%), 127 млрд. теӊге, оныӊ ішінде Ұлттық қордан 54,4 млрд. теӊге игерілуі қажет.

2016 жылға арналған автокөлік жолдары жобасыныӊ бюджеті 329,7 млрд. теӊге. Оныӊ 151,3 млрд. теӊгесі Ұлттық қордан. Қаржыландыру жоспарына сәйкес, осы жылдыӊ ақпан айынан қыркүйек айына дейінгі аралықта бөлінген қаржыныӊ 61%-ы игерілді. Жыл соӊына дейін қалған қаражат толықтай игеріліп бітеді. Бүгінге дейін 756 шақырым жолға (жоспардыӊ 82%-ы) асфальт және цемент бетон жабыны төселді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны