28.04.2017, 20:41 5535

Нұржан Илтаев: "Отандық тауарға сұранысты арттыра отырып, Қазақстанныӊ өӊдеу өнеркәсібініӊ дамуына дем беру керек"

"2015 жылы химия мен құрылыс өнеркәсібін санамағанда, тауар өндіру айтарлықтай азайған. Мұнымен қоса, 2016 жылы жеӊіл өнеркәсіп, химия, құрылыс мен машина жасау өнеркәсібі салаларында өндіріс көлемі айтарылтай азайған. Отандық тауарға сұранысты арттыра отырып, Қазақстанныӊ өӊдеу өнеркәсібініӊ дамуына дем беру керек", - деді Нұржан Илтаев.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясыныӊ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясыныӊ кеӊейтілген жиналысында Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктіӊ дамуы, ағымдағы сын-тегеуріндері мен келешегі талқыланды.

Жиында "Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Нұржан Илтаев отандық тауар өндірушілерді қолдау және олардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін баяндады.

"2015 жылы химия мен құрылыс өнеркәсібін санамағанда, тауар өндіру айтарлықтай азайған. Мұнымен қоса, 2016 жылы жеӊіл өнеркәсіп, химия, құрылыс мен машина жасау өнеркәсібі салаларында өндіріс көлемі айтарылтай азайған. Отандық тауарға сұранысты арттыра отырып, Қазақстанныӊ өӊдеу өнеркәсібініӊ дамуына дем беру керек", - деді Нұржан Илтаев.

Ұлттық палата өкілі елімізде шығарылған тауар сұранысыныӊ көрсеткішін арттыру үшін отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға, жер қойнауын пайдаланушылардыӊ сатып алуларына барынша қатыстыру керектігін алға тартты.

"2017 жылға арналған сатып алу жоспарын сараптай келе, 8 сала бойынша сатып алу көлемі 1,5 трлн теӊгеге oa? екені есептелді. Бұл тек тауар сатып алудыӊ көрсеткіші. Бұл көлемніӊ 1/3 бөлігі (1 трлн теӊгеден астам) машина жасау мен металл өӊдеу, мұнай өӊдеу өнімдеріне тауар сатып алуға арналған. Еӊ төменгі сома, яғни 12,6 млрд теӊге жиһаз сатып алуға жоспарланған. Дегенмен, бұл соманыӊ өзі отандық тауар өндірушілер үшін айтарлықтай қомақты", - деп түсіндірді Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары.

Сондықтан да импортты алмастыру мен бәсекелік қабілетті арттыруды 3 кезеӊге бөліп қарастыруды ұсынды:

- Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға, жер қойнауын пайдаланушылардыӊ сатып алулары арқылы қолдау.

- Жүйе құрушы кәсіпорындардыӊ отандық тауар өндірушіге қолдау көрсетуі;

- Техникалық жаӊғыру, экспортқа шығу.

"Атамекен" ҰКП еӊ алдымен экономикадағы мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулардыӊ нақты және әлеуетті рөлін анықтау мақсатында сараптама жүргізген. Оныӊ нәтижесінде сатып алу көлемініӊ әлеуетін толық пайдалану үшін кәсіпорындарға кедергі келтіретін бірнеше мәселе анықталған.

Атап айтқанда: - ақпарат пен сатып алу жоспарыныӊ тұрақтылығы жоқ; сатып алуда бірыӊғай әдіс-тәсілдердіӊ қажеттігі; жергілікті қамтуды күшейту; алдын ала біліктілігі бойынша іріктеудіӊ бірыӊғай тәсілдерініӊ қажеттілігі; бірыӊғай кодтау тұрақтылығы; заӊнамалық өзгертуді қажет ететін мәселелер.

Фракция жиналысында Нұржан Илтаев жалған өндірушілер мен жалған импорттаушылардыӊ бар екенін назарға алу керек және отандық адал тауар өндірушілерд мен өндірістіӊ бар екенін анықтау индикаторларын қарастыру керектігіне ерекше атап өтті. Осы мақсатта негізгі құралдарды ұсынды:

1) Бірыӊғай алдын ала біліктілігібойыншаіріктеу әлеуетті жеткізушілерге сатып алуларға кедергісіз қатысуға мүмкіндік береді;

2) Орталықтандырылған сатып алу тәртіпке салынған жүйеге ұсақ лоттарды ірі лоттарға біріктіріп, бірыӊғай оператор арқылы сатып алуды өткізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде сатып алу процесін және жергілікті құрам мониторингін айтарлықтай жеӊілдетеді;

3) Үлгілік техникалық сипаттама материалдық-техникалық база мен өндірістік қуаттыӊ болуы бойынша талаптарды енгізу арқылы сатып алуларға нақты тауар өндірушілердіӊ қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

4) Үкіметтік емес стандарттар өнімніӊ жоғары сапасын қамтамасыз етеді және ішкі нарықты қорғаудыӊ маӊызды "интеллектуалды" құралы болып табылады. Оларды бизнес дайындайды және қабылдайды.

"Сатып алу аясында алынған қаражат өндірушілерге жаӊа технологияларды пайдалана отырып жаӊа тауар желісін қалыптастыруғамүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді келісімшарт қаржылай қаражат есебінен де, сапалы жоспарлау мүмкіндіктері есебінен де бағаны төмендетуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, өнім сапасын арттыруды қамтиды. Біздіӊ түпкілікті мақсатымыз экономикадағы барлық саланыӊ бәсеке қабілеттілігін арттыру. Отандық тауар өндірушілерге тиісті қолдау көрсету мен аталған бастамаларды жүзеге асырсақ, 2021 жылға қарай өӊдеу өнеркәсібініӊ ЖІӨ-дегі үлесі 13,1%-ға артады", - деді Нұржан Илтаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны