17.04.2020, 16:57 5405

"Оңтүстік" АЭА территориясында сумен жабдықтау қызметіне тариф төмендетілді

Аталған шара суды таратушы желілер арқылы беру қызметі көлемінің өсуіне байланысты.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan Today - "Оңтүстік" АЭА территориясында сумен жабдықтау қызметіне тариф төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамашылығымен "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" АҚ-ның тұтынушылары үшін тарифтер төмендетіліп бекітілді.

Аталған шара суды таратушы желілер арқылы беру қызметі көлемінің өсуіне байланысты.

Қайта қарау қорытындысы бойынша, Департамент субъект үшін жаңа тарифтерді 1 м3-ге ҚҚС-мен есептегенде келесі мөлшерде бекітті:

- 2020 жылдың 1 мамырынан бастап - 70,64 теңге/м3 мөлшерінде бекітілді (қолданыстағы тариф 87 теңгеден, яғни 18,8% -ға төмендетілді);

- 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап - 69,86 теңге/м3 мөлшерінде бекітілді (алдағы бекітілген тариф 103,87 теңгеден, яғни 32,7% -ға төмендетілді);

- 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап - 68,62 теңге/м3 мөлшерінде бекітілді (алдағы бекітілген тариф 106,12 теңгеден, яғни 35,3% -ға төмендетілді);

- 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап - 66,93 теңге/м3 мөлшерінде бекітілді (алдағы бекітілген тариф 107,65 теңгеден, яғни 37,8% -ға төмендетілді).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны