06.09.2007, 16:40 3510

Облыс басшылығы Оңтүстік Қазақстан облысының астық нарығындағы баға бір апта ішінде тұрақтанады деп сендіруде

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы астық нарығындағы ахуал жақсарады деп сендіруде.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы астық нарығындағы ахуал жақсарады деп сендіруде.

"Солтүстікте орақ науқаны қазірде басталып та кетті, астық тиеу енді ғана басталды. Міне, үш күннен кейін астық "Ақ маржан" диірменіне, 4-5 күннен кейін "Алтын дән", "Арайға" түседі. Менің пайымдауымша, бір апта ішінде тіпті болмағанда он күн ішінде ұнның бағасы тұрақтанады",- деді бүгін өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Ислам Ибішев.

Ол ұнның, соған сәйкес нан бағасының бұрын болмаған деңгейге көтерілуін түсіндіріп өтті. "Маусымнан - мамырдың аяғынан бастап астық сатып алу қиынға соқты, ал шілдеде нарықтағы өткен жылғы қор мүлдем таусылып қалды. Осыған байланысты біздің кейбір диірмендеріміз бір айға жуық, ал кейбіреулеріекі айға жуық жұмыс істемей тұрып қалды. Сондықтан да солтүстік астықтың ұны жоқ болды. Біздегі астық жинау науқаны енді ғана аяқталып келеді, ал солтүстікте енді ғана басталды. Яғни өліара кезең",- деп түсіндірді И. Ибішев.

Ол сондай-ақ, өткен кеңесте облыс басшылары жергілікті ұн өндірушілермен "жергілікті астықпен жұмыс істейтін диірмендер ұнның бір қабын 2500 теңгеден сататындығы" туралы келісім жасаған болатын. И. Ибішевтің түсіндіруінше, жергілікті ұнның сапасы солтүстік астықтың ұндарынан сәл төмендеу, "бәрақ ол да жаман емес, егер кімде- кім бір қап ұнды 4-5 мың теңгеге сатып ала алмаса, онда олар жергілікті ұнның бір қабын 2500 - 2600 теңгеге сатып алатын болады".

Сонымен қатар, И.Ибішев Оңтүстік Қазақстан облысында келешекте өзінің тұратандырушы астық қоры құрылатындығын жоққа шығармады. "Менің пайымдауымша, біз не азық-түлік корпорациясының аясында тұрақтандыру қоры үшін астық тасымалдаудың нақты пункттері мен көлемі туралы нақты келісеміз, немесе біз олармен келісім жасай алмасақ, жергілікті облыстық қор құратын боламыз",- деп хабарландырды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны