04.12.2013, 18:49 3142

ӨДМ қауіптілігі аз жағдайда бизнес субъектілеріне жоспарлы тексерісті алып тастауды ұсынуда

Өңірлік даму министрлігі кәсіпкерліктерге заңсыз тексеріс жүргізуді шектеу үшін "Рұқсат беру мен ескерту туралы" ҚР заңнамалық актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Өңірлік даму министрлігі кәсіпкерліктерге заңсыз тексеріс жүргізуді шектеу үшін "Рұқсат беру мен ескерту туралы" ҚР заңнамалық актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

"Біз кәсіпкерліктерге заңсыз тексеріс жүргізуді шектеу үшін "Рұқсат беру мен ескерту туралы" ҚР заңнамалық актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынып отырмыз. Атап айтар болсақ, қауіптілік деңгейі өте төмен жағдайда біз шағын бизнес субъектілеріне жоспарлы тексерістерді алып тастауды ұсынамыз. Сонымен қатар, жоспарлы тексеріс негізін ретке келтіріп, қызметтің нәтижесі жайлы есеп беруді жетілдіру керек", - деді Қ.Өскенбаев.

Министр орынбасарының айтуынша, 2013 жылдың 9 айында шағын және орта бизнеске елімізде 138,6 мың тексеріс жүргізілді. Оған қоса министрлік тексеріс кезінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

"Бірінші кезекте, бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы 3 жылда жоспарлы тексеруге кіргізбеу ережесін сақтамау шаралары. Яғни, шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген кезінен бастап үш жыл ішінде оған тексеріс жүргізілмеуі керек", - деді министр орынбасары.

Екіншіден, Қ.Өскенбаевтың айтуынша, тексеріс кезінде тексеріс барысына қатысы жоқ мәселелер көтерілген.

"Құзіреттілігі жоқ жергілікті атқарушы органдар тапсырмасы бойынша жалпылай жоспарлы тексеріс ұйымдастырылады. Қандай жағдай болса да шағын кәсіпкерлік иелері өздерінің құқықтарын біліп, қандай жағдайларға жауап берулері керек, қандай жағдайларда жауап беруі міндеттелмейтінін білулері керек", - деді Қ.Өскенбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны