25.02.2014, 20:14 3666

ӨДМ Қытайдың Ляньюньган портынан жүк тасымалына бірыңғай тариф енгізу мәселесін қарастыруда - Б.Жәмішев

ҚР Өңірлік даму министрлігі Қытайдың Ляньюньган портынан жүк тасымалына бірыңғай тариф мәселесін қарастыруда. Бұл туралы Үкімет отырысында өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Өңірлік даму министрлігі Қытайдың Ляньюньган портынан жүк тасымалына бірыңғай тариф мәселесін қарастыруда. Бұл туралы Үкімет отырысында өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

"Doing Business" рейтингінде "Халықаралық сауда" индикаторын жақсарту бойынша кешенді жоспар жобасы тарапынан Қытайдың Ляньюньган портынан ҚР-на транспорттау кезінде т/ж жүк тасымалына бірыңғай тариф енгізу туралы Қытай тарапымен мәселені дайындау қарастырылған", - дейді Б.Жәмішев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "Терминалды өңдеу есебі" мен "Тасымал есебі" құжаттарын қысқарту қарастырылып, кепілдендірілген тасымал көлемінде транзитті жүк тасымалы тарифінің коэффициенті төмендетілмек.

Бұдан бөлек атамыш индикаторға электронды декларациялауды енгізуге қатысты Кодекске өзгерістер енгізу қарастырылуда.

Айта кетейік, "Doing Business" рейтингінде 189 елдің ішінде 50-ыншы орынта тұрғанына қарамастан "Халықаралық сауда" (186), "Құрылысқа рұқсат беру" (145), "Электрмен қамту жүйесіне қосылу" (86), "Несие алу" көрсеткіштері бойынша төменгі орынға иеміз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны